MMACrossfire.com сайты UFC-дің ең жеңіл салмақтағы өкілі Асу Алмабаев келесі жекпе-жегінде жеңіске жетсе, дивизион рейтингінің үздік бестігіне кіруі мүмкін екенін хабарлады.
Асу Алмабаев 2026 жылғы 28 ақпанда Мексиканың астанасы Мехико қаласында UFC-дің бұрынғы чемпионы Брэндон Мореномен жекпе-жекке шығады.
Ол Астана уақыты бойынша 1 наурызда таңертең болады.
Қолда бар дерекке қарағанда, Алмабаев қазір UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде жетінші орында тұр. Ол соңғы үш жекпе-жегінің екеуінде жеңіске жеткен. Оның біреуінде қараша айында Катарда өткен UFC турнирінде Алекс Пересті қылқындыру әдісімен жеңген.
Сол себепті 31 жастағы файтер келесі жекпе-жекте жеңіске жетсе үздік бестікке енуге үміттеніп отыр.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары