Шахматшы Алуа Нұрман Халықаралық шахмат федерациясының ( FIDE) жаңартылған әлемдік рейтингіндегі үздік үштіктегі орнын сақтап қалды.
Қазір 19 жастағы отандасымыз жасөспірім қыздар арасындағы тізімде 2442 ұпаймен үшінші орында тұр. Ол екінші сатыдағы ресейлік Анна Шухманнан бір ғана ұпайға қалып келеді. Ал бірінші орынға Украина өкілі Анастасия Гнатыши жайғасып отыр.
Алуа Нұрман биыл Гонконгте өткен командалық әлем чемпионатында рапидтен алтын, блицтен күміс медаль жеңіп алып, Жапонияның Токио қаласында жалауы желбіреген жарыста күміс жүлдені иеленген еді.
Дастан КЕНЖАЛИН
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары