Қазақстан құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан семсерлесуден жастар арасындағы Азия чемпионатында үш жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті.
Шпагадан ерлер арасындағы жекелей сайыста Кирилл Проходов Азия чемпионы атанды.
Финалда ол Гонконг өкілі Вонг Пак Юды 15:12 есебімен жеңді.
Қайша Жәнібек күміс жүлдеге ие болды. Ол қылыш сайысында Гонконг спортшысы Джейн Саммер Ситке 8:15 есебімен есе жіберді. Ал Диляра Исабекова жарысты үшінші орынмен аяқтады.
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары