• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Таеквондодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына аттанды

    Мексиканың Гвадалахара қаласында 13-20 қараша аралығында таеквондодан әлем чемпионаты өтеді.

    Пандемиядан кейін алғаш рет өтетін бәсекеге ерлер мен әйелдер арасындағы 16 салмақта 122 елден 755 спортшы тіркелген. Бұл жолы ел намысын 15 спортшы қорғайды.

    Ерлер құрамасы – Темірлан Тілеулес (54 кг), Самирхон Абабакиров (58 кг), Камран Нурадинов (63 кг), Алмат Қожахмет (68 кг), Нұрқанат Қожахмет (74 кг), Рахым Әділханов (80 кг), Смайыл Дүйсебай (87 кг), Руслан Жапаров (87 кг);

    Әйелдер құрамасы – Рита Бакишева (46 кг), Ботагөз Қапанова (49 кг), Әзиза Қаражанова (53 кг), Камила Аймұқашева (57 кг), Жадыра Хайруллина (62 кг), Нұрай Құсайынова (67 кг), Жансель Дениз (73 кг);

    Бас жаттықтырушы: Батырбек Есдәулетов.

    Гвадалахара Латын Америкасында әлем чемпионатын қабылайтын Пуэбладан (2013 жылы) кейінгі екінші қала болады. Бұдан басқа құрлықта 2014 (Керетаро) пен 2015 жылы (Мехико) Гран-Придің финалы өткен.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *