Катарды жеңіске жету үшін Эквадор футболшыларын «сатып алуға» әрекет жасады деп айыптап жатыр.
Катар өз елінің құрамасынан жеңілулері үшін (есеп 0:1, гол екінші таймда салынуы керек) Эквадордың сегіз футболшысын 7,4 млн доллар ақшаға сатып алған. Катар мен Эквадордың ақпарат құралдары бұл мәліметті растап отыр.
Журналист Амджад Тах өзінің Twitter-дегі аккаунтына осы туралы жазған.
Катарда өтетін кезекті әлем чемпионаты 20 қарашада басталып, 18 желтоқсанда аяқталады. Мундиаль осы жолы бірінші рет қыс айларында өтеді. Себебі, Катарда жаз айларында өте ыстық болады.
Катар мен Эквадор әлем чемпионатының ашылу салтанаты болған соң кездеседі.
Кездесу Эль-Хаур қаласындағы «Эль-Байт» стадионында болады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА