Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатының екінші күні ұлттық құраманың балуандары бес алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.
«Qazaq kuresi» қауымдастығының хабарлауынша, чемпиондар алты салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Олардың арасында жеңіс тұғырынан көрінгендердің төртеуі – ерлер болса, екі медальді қоржынға әйелдер құрамасының өкілдері салды.
Чемпионаттың екінші күні Бекхан Төлепов (55 кг), Нұр Аманшұқыров (66 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг), Рауза Нұрмахаметова (55 кг) мен Зарина Зарипова (65 кг) тұғырдың биік сатысына көтерілді. Ал 60 келі салмақ дәрежесінде боз кілемге шыққан Марат Нығматулаев күміс медаль еншіледі.
Әлемдік доданы 40 елден 350 балуан қатысып жатыр. Жарыстың алғашқы күні ел спортшылары үш алтын медаль жеңіп алған еді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА