25-30 желтоқсан күндері Алматы қаласында рапид және блиц шахматтан әлем чемпионаты өтеді.
Бұл додада 50 елдің шахматшылары чемпион атағына таласады. ФИДЕ аясында өтетін турнир Балуан Шолақ спорт және мәдениет сарайында болады. Чемпионаттың жүлде қоры – 1 млн доллар.
Ашық турнирлерге жалпы саны 176 ойыншы қатысады. Ал әйелдер турнирінде 98 шахматшы бақ сынайды.
Чемпионатқа әлемнің мықтылары жиналған. Олардың ішінде қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен (Норвегия, желтоқсандық тізімдегі рейтингі – 2 859), Хикара Накамура (АҚШ, 2 768), Фабиана Каруана (АҚШ, 2 766), Ян Непомнящий (ФИДЕ, 2 793), Аниш Гири (Нидерланд, 2 764), Александр Грищук (ФИДЕ, 2 745), Шахрияр Мамедьяров (Әзербайжан, 2 740), Ян-Кшиштоф Дуда (Польша, 2 729), Юй Янъи́ (Қытай, 2 728), қазіргі чемпион Максим Вашье-Лаграв (Франция, 2 737 – блиц) және басқалар бар.
Әйелдер арасында Александра Горячкина (ФИДЕ, 2 584), Катерина Лагно (ФИДЕ, 2 563), Хампи Конеру (Үндістан, 2 572), Тан Жонгуй (Қытай, 2 518), Нана Дзагнидзе (Грузия, 2 517), Харика Дронавали (Үндістан, 2 507), Жансая Әбдімәлік (Казақстан, 2 496), Сарасадат Хамедальшарьех (Иран, 2 490), Антоанета Стефанова (Болгария, 2 442), қазіргі чемпиондар Александра Костейнюк (ФИДЕ, 2 520 – рапид) және Бибісара Асаубаева (Қазақстан, 2 440) сияқты даңқты спортшылар және басқа да мықты шахматшылар ойнайды.
Ербол ТҰРЫМБЕТ,
АСТАНА