• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Шавкат Рахмонов пен Хамзат Чимаев желіде дауласып қалды

    UFC-дің файтерлері Шавкат Рахмонов пен Хамзат Чимаев Instagram әлеуметтік желісінде бір-бірін кекетіп, сөзге келіп қалды. Оның соңы дауға ұласты.

    Әуелі Рахмонов парақшасында қасқыр терісінің үстінде отырып түскен фотосуретін жариялап, «Біреулер өзін қасқырмын десе… Қасқырлар міне, өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай біздің аяғымыздың астымызда» деп белгілі UFC-дің файтері, Швецияда тұратын ұлты шешен Хамзат Чиваевқа қатысты жазба қалдырды. Бұған өзін «Borz» деп атайтын файтер жауап ретінде сурет жариялады. «Borz» шешен тілінде «қасқыр» деп аударылады.

    Өмір бойы шибөрі болып жүргенге қарағанда, өзін қасқыр деп санау үлкен абырой, – деп жазды Чимаев.

    Кейін Шавкат Рахмонов жазбасын өшіріп тастады. Оның жазбасы 137 мың лайк жинады. Бірақ фотосуретін әдейі қалдырды. Ал Чимаев көп ұзамай ет жеп жатқан қасқырдың видеосын жариялады.

    Осыдан кейін  файтерлердің жазбаларын олардың жанкүйерлері де қолдап кетті. Бұл дауды одан сайын ушықтырып жіберді. Соның ішінде Рахмоновтың жаттықтырушысы Саид Сапаров та пікір қалдырды.

    Біреулер өздерін «қасқырмыз» дейді. Ал біреулер сол «қасқырларға» аңға шығады, — деп жазды ол.

    Кейбірі мұны Рахмонов пен Чимаев арасындағы жекпе-жек алдындағы трэш-ток деп атады.

    Қазір UFC-дің дивизионында Чимаев үшінші орында тұрса, Рахмонов алтыншы орынға орналасқан. Шешен файтері 12 рет жеңіске жетсе, қазақ файтері 17 рет қарсыласын ұтқан. Екеуі де әлі бірде-бір рет жеңілген жоқ.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *