• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Ербол Хамитов парабиатлон бойынша әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

    АҚШ-тың Солт-Лейк-Ситиде қаласының Солдат Холлоу шаңғы базасында парашаңғы және парабиатлон бойынша өтіп жатқан Әлем кубогының финалдық кезеңінде Ербол Хамитов парабиатлоннан 12,5 шақырым қашықтықта күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық дайындық орталығы» хабарлады. Ербол Хамитов 12,5 қашықтықты 42 минут 17 секундта жүріп өтіп, атыс шептерінен бірде-бір рет өтуге жол бермеді. Бұл қашықтықты ...

    Read More »

    Шавкат Рахмонов UFC-дің «жыл жекпе-жегі» үшін рекордтық деңгейде гонорар алды

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) америкалық Джефф Нилді (15-5) жеңгені үшін рекордтық гонорар алды. Sports.kz-тің жазуынша, Рахмоновтың бұл жекпе-жегінің жалпы ақысы 161 500 доллар болған (30 000 — кепілдендірілген төлем, 6 000 — демеушілік бонус, 25 500 — Нилдің 30% ақысы, 100 000 – «кештің ең мықты жекпе-жегі» үшін екі есе бонус). Шавкат Рахмонов үшінші раундта Джефф Нилді қылқындыру әдісімен жеңді ...

    Read More »

    Шавкат Рахмонов келесі қарсыласына жекпе-жекке дайындала беруді ескертті

    Жеңіліп көрмеген файтер Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилді (15-5) мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін өзінің келесі қарсыласының атын атады. Белбеуге таласу үшін әлі 1-2 жекпе-жек өткізуім керек деп айтқанмын алдында. Ал қазір оған дайынмын. Колби Ковингтон, дайындала бер! Келесісі – сенсің! — деді Шавкат Рахмонов октагонда тұрып. Сондай-ақ ол болашақта жартылай орта салмақтағы UFC ...

    Read More »

    Шавкат Рахмонов америкалық үздік спортшыны айқын басымдықпен жеңді (ВИДЕО)

    Ережесіз жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (16-0) Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 285 турнирінде кезекті қарсыласымен кездесті. Рахмонов америкалық жеңімпаз Джефф Нилден (15-4) басым түсіп, оны үшінші раундта таза жеңді. Жекпе-жек алдында Нил жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде Рахмоновтан жоғары болған. Тізімде ол жетінші, ал осы жолғы қазақстандық қарсыласы тоғызыншы болып тұр еді. Осылайша, қазір Шавкат Рахмонов кәсіпқой мансабындағы 17-жеңісіне жетіп отыр. ...

    Read More »

    «Азия балалары» ойындары: Қазақстан алтыншы орыннан көрінді

    Бүгін Ресей Федерациясының Кемерево облысында қысқы спорт түрлерінен ІІ «Азия балалары» ойындары аяқталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Қысқы ойындардың ресми жабылу рәсімінде еліміздің көк байрағын шорт-трекші Мадияр Мадихов ұстап шықты. Ал халықаралық жарыстың туын түсіру рəсіміне чемпион ретінде Қазақстан атынан Мейіржан Төлеген қатысты. Он күнге созылған кешенді жарыста Қазақстан 3 алтын, 5 күміс және ...

    Read More »

    Дзюдошы Данияр Шамшаев күміс жүлдегері атанды

    Бүгін дзюдошы Данияр Шамшаев (73 кг дейін) Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өтіп жатқан Үлкен дулыға турнирінің күміс жүлдегері атанды. Финалда ол татами иесі Муроджан Юлдошевке есе жіберді. Шамшаев жартылай финалда швейцариялық Нилл Штамптың жауырынын жерге тигізсе, ширек финалда түркиялық татами шеберінің жолын кесті. Ал іріктеуде француз Аксус Бенджжамин мен қырғыз Шыңғисхан Сагиналиевтің адымын аштырмады. Кеше 60 келіге дейінгі салмақта ...

    Read More »

    Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты басталды (ВИДЕО)

    Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты басталды. Премьер-лиганың (бұрынғыша – Жоғары лига, — ред.) бірінші матчы Шымкен қаласында болды. Онда Қажымұқан атындағы стадионда маусымашар матчта жергілікті «Ордабасы» мен Ақтаудың «Каспий» командалары кездесті. Ойында 3:1 есебімен алаң иелері жеңіске жетті. Биылғы маусымның алғашқы голын Шымкент қаласының командасына жаңадан қосылған Бауыржан Исламхан салды. Ол екі жыл үзілістен кейін голдың авторы атанды. Исламхан матчтың 16-минутында ...

    Read More »

    Анна Данилина Астанадағы жарыстың жеңімпазы атанды

    Еліміздің жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Астанада өткен ITF World Tennis Tour «BeeTV 40 Women’s» турнирінің жеңімпазы атанды. Анна Данилина Беларусь өкілі Ирина Шимановичпен бірге жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген еді. Бұл жұп финалда доданың екінші ракеткалары, оңтүстіккореялықтар Хан Лэ Хань мен Су Джон Чанмен бас жүлдені сарапқа салды. Матч аса тартысты өтті. Бірінші партияда Анна мен Ирина 6:4 ...

    Read More »

    Нариман Курбанов — Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы

    Гимнастшы Нариман Курбанов гимнастикадан Катардың Доха қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Гимнастикалық ат жаттығулардың финалында Курбанов 15.400 ұпай жинады. Екінші орынды Ирландияның өкілі Рис МакЛенаган иеленді. Ол 15.033 ұпай алды. Тайбэйдің спортшысы Шао Ю Ян үшінші орыннан көрінді. Оның нәтижесі — 14.833 ұпай.  Отандасымыз Ильяс Азизов алтыншы нәтижені көрсетті (14.100).   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Маңғыстау спортына жаңаша көзқарас керек

    Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылына Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Еділ Жаңбыршин мен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Архимед Буркитбаев бастаған азаматтар Басқұдық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне келіп, жаттықтырушылармен кездесу өткізді. Спорт мектебі 2015 жылы қолданысқа берілді. Бірақ әлі күнге стадионы жоқ. Үш спорт түрінен (грек-рим, дзюдо, еркін күрес) 150-дей спортшы үйірмеге қатысады. Бала көбейген сайын іші тарлық етеді. Ауламыздан стадион салынса ...

    Read More »