• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Апалы-сіңлілі каратэшілердің ісі елді сүйсіндірді (ВИДЕО)

    Әлеуметтік желіде каратэден Көкшетауда 8-9 жас аралығындағы қыздар арасында өткен Ақмола облысы чемпионатының финалында апалы-сіңлілі қыздардың кездескен видеосы кең таралып, елді сүйсіндірді. Жарысқа апалы-сіңлілі Саяна мен Мөлдір Әнуарбектер бір салмақта (25 кг дейінгі салмақ) қатысқан болатын. Екеуінің чемпионаттың финалында кездескеніне төрешілер мен жаттықтырушылардың кәнісі болған жоқ. Жарыстың финалында Саяна Мөлдір сіңлісіне жеңісті беретінін айтып, бауырының қолын көтеріп, төрешілерден жеңісті беруді ...

    Read More »

    «Жеңіс» дзюдо клубы Құрлықтық лигаға қатысады

    Дзюдодан Олимпиялық ойындардың екі дүркін жүлдегері, әлем чемпионы Елдос Сметов Қарағандыда спорттың осы түрінен құрылған «Жеңіс» клубының капитаны болды. Нақтырақ айтсақ, капитаны болып таңдалды. Ол енді 8 сәуірде дзюдодан Мәскеуде басталатын құрлықтық лигаға команданы бастап барады.Қарағанды командасының құрамына Елдос Сметовтен бөлек, Жансай Смағұлов, Ислам Бозбаев секілді әлемдік ареналарда ел намысын қорғаған балуандар бар. Олардан басқа «Жеңіс» клубының құрамына  Ғұмар Қырғызбаев, ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама анықталды

    Бокстан 14-26 наурыз күндері Үндістанның астанасы — Дели қаласында әйелдер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстанның ұлттық құрама командасы анықталды. Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына толық құрамда қатысып, 12 салмақ дәрежесінде күш сынасады. Ел намысын Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай  (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Римма Волосенко ...

    Read More »

    Роналду Түркия мен Сирияға жүк тиелген ұшақ жіберді

    Португалиялық футболшы Криштиану Роналду Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарға көмектесу үшін екі елге гуманитарлық көмек тиелген ұшақ жіберді. Daily Mail басылымының хабарлауынша, футболшы өз қаражатына бірнеше шатыр, көрпе-жастық, балалар тамағын, дәрі-дәрмек сатып алды. Роналдудың гуманитарлық көмегі Түркия мен Сирияның көбірек зардап шеккен тұрғындарына жеткізіледі. Бұған дейін Роналду 2014 жылы Испанияда науқас баланың операциясына 83 000 доллар төлеген ...

    Read More »

    Алан Құрманғалиев Португалияда тағы бір алтын жүлдені жеңіп алды

    Португалияның Вила Реал қаласында үстел теннисінен өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінде 16 жастағы спортшы Алан Құрманғалиев екінші рет алтын медальді жеңіп алды. Ол өткен аптада 17 жастағы спортшылар арасында жеңімпаз атанған еді. Енді міне, Алан Құрманғалиев 19 жастағы жастар арасындағы жарыста  екінші рет алтын жүлдені алды. Осылайша ол турнирді екі алтын жүлдемен аяқтады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Қазақ журналисі Токио марафонына қатысты

    Журналист әрі кәсіпкер Еренғайып Қуатайұлы Жапонияның астанасы – Токио қаласында өткен марафонға қатысты. Ол марафонда мәреге 2 сағат 54 минут, 25 секундтта жетті. Орта темпі 4:05 болды. Ал марафонның өзі 42.2 шақырымға созылды. Еренғайып Қуатайұлының айтуынша, Жапониядағы жүгіру жарысына ол өкше жарақаты енді жазыла бастағанда қатысқан. Бұл жарақатты Чикаго марафонында алған. Сөйтіп, екі ай дайындалып, дәрігердің рұқсатымен жарысқа қатысуға бел ...

    Read More »

    Әлем чемпионатына бойкот жариялаған елдер балама турнир өткізеді

    Бокстан Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өтетін әлем чемпионатына бойкот жариялаеан елдер балама турнир өткізуді ойластырып жатыр. Бұл туралы Жаңа Зеландия бокс қауымдастығының басшысы Стив Хартли айтты. Оның айтуынша, әлем чемпионатына бойкот жариялаған 20 ел Нидерландта балама турнир өткізуді жоспарлап отыр. Біз Zoom арқылы альянстағы 20 елдің өкілдерімен сөйлестік. Бұл елдердің ешқайсысы енді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастыратын бірде-бір іс-шараға ...

    Read More »

    Өзбекстан Бокс федерациясы әлем чемпионатына қатысты мәлімдеме жасады

    Өзбекстан бокс федерациясы 30 сәуір мен 14 мамыры аралығында Ташкент қаласында өтетін бокстан әлем чемпионаты туралы БАҚ-та тараған алып-қашпа әңгімеге, жаңалықтарға қатысты мәлімдеме жасады. Әлемдегі қалыптасқан саяси жағдайға байланысты кейбір интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерде 30 сәуірі мен 14 мамыры аралығында Ташкентте өтетін бокстан әлем чемпионаты туралы біржақты ақпараттар тарап жатыр. Әлем чемпионаты  екі жылда бір рет өтеді. Оны Халықаралық ...

    Read More »

    Қазақстан, Өзбекстан мен Куба әлемде үздіктер қатарында – Баходир Жалолов

    Бүгінде аса ауыр салмақтағы әуесқойлар боксшылар арасында Өзбекстанның былғары қолғап шебері Баходир Жалоловтан қауіпті қарсылас табу қиын. Өте қиын. Оның бойы өте биік. 201 см. Өзі шаршы алаңда үнемі алға ұмтылып, қарсыласына соққы жасап тұрады. Сондықтан оған «Үлкен өзбек» (Big Uzbek) деген лақап ат бекер берілмеген. Ол шын мәнінде де өте мықты боксшы. Өзі Токио Олимпиадасының чемпионы. Ресейдің Екатеринбург қаласында ...

    Read More »

    Ресейдің гимнастшылары Халықаралық федерация құрамынан шығарылды

    Ресейдің гимнастшылары Халықаралық федерация (FIG) құрамынан ресми түрде шығарылып, жарыстарға қатысу құқығынан біржолата айырылды. Халықаралық Олимпиялық комитет (ХОК) Ресей мен Беларусь спортшыларын 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиялық ойындарға жіберу туралы мәселені қарап жатқанда жекелеген халықаралық федерациялар, оның ішінде Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) өздеріне қатысты мәселені шешіп тастады. Сөйтіп, ұйым Ресей мен Беларусь спортшыларын Олимпиададан басқа да жарыстарға қатысуға тыйым салды. ...

    Read More »