• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Теннисшілер Египеттегі турнирде өзара кездесті

    Жанель Рүстемова мен Аружан Сағындықова Египеттің Шари-әл-Шейх қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің алғашқы айналымында өзара кездесті. 18 жастағы Жанель негізгі додаға іріктеу сайыстарынан кейін жолдама алды. Жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған жарыста Рүстемова 17 жасар командалас құрбысы Сағындықованы 6:3, 6:2 есебімен ұтты. Жанель ширек финалға шығу үшін турнирдің 7-ракеткасы, франциялық Наийя Берекоэчэамен таласады. Осы жарыста Рүстемова мен Сағындықова ...

    Read More »

    Алан Құрманғалиев әлем чемпионатының тұңғыш жүлдегері атанды

    Тунисте үстел теннисінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Алан Құрманғалиев елімізге алғашқы жүлдені жеңіп алды. Алан Құрманғалиев (жаттықтырушы — Эльмира Әлиева) египеттік Года Ханамен бірге аралас разрядта жартылай финалға шығып, жүлдегерлер қатарына қосылды. Осылайша, қазақстандық-египеттік жұп кемінде қола жүлдеге ие болады. Олар 1/8 финалда пуэрто-риколық Энрике Риос  пен бразилиялық Сенага Ширайды жеңіп, ширек финалда франциялықтар Натан Лам мен Гаэтана Блэдадан айласын асырды. ...

    Read More »

    Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі туралы ақпарат шықты

    Mergen FC қазақстандық промоутері Қуат Хамитов 2023 жылдың қаңтарында өтетін келесі турнирінде жұдырықтасатынын жариялады. «Найман» жекпе-жекке дайындалу үшін Тайландқа аттанды. Хамитов 2022 жылдың қаңтарында зейнетке шығатынын айтқан еді. Бірақ Василий Бабинцевпен жекпе-жектен кейін қыркүйекте октогонға оралды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Ресей мен Беларусь шахмат жарысына қатыса алады

    Халықаралық шахмат федерациясының кеңесі (FIDE) ресейлік және беларусь шахматшыларына 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін ұйым туы астында ойнауға рұқсат беретін шешімді мақұлдады. Содан кейін, егер қосымша сұраныстар болмаса, шахматшы жарыстарға қатыса алмайды. FIDE туына ауысқан барлық шахматшылар Ресей, Беларусь немесе басқа федерацияның туына қайта оралу туралы өтініш бермесе, FIDE туы астында ойынын жалғастырады. Ұйымның сайтында бұл шешім 15 желтоқсанда күшіне ...

    Read More »

    Қазақстанның теннисшілері финалға шықты

    Қазақстанның теннисшілері Григорий Ломакин, Ярослав Пшеничный мен Тайыр Қайретдинов халықаралық турнирлердің финалисі атанды. Ломакин жұптық сында бразилиялық Игор Хименеспен бірге Вакарияда (Бразилия) өткен ITF жарысында (жүлде қоры – 25 мың доллар) финалға дейін жетті. Соңғы бәсекеде Григорий мен Игор тартысты матчта бразилиялықтар Жоао Лоурейро – Густаво Хейдеге есе жіберді. Есеп — 6:3, 6:7 (5:7), 5:10. Түркияда 14 жасқа дейінгілер арасында ...

    Read More »

    Күрестен Әлем кубогына қатысатын балуандар анықталды

    10-11 желтоқсан күндері АҚШ-тың Айова штатындағы Коралвилл қаласында еркін және әйелдер күресінен Әлем кубогы жарысы өтеді. Биыл Xtream Arena-да ұйымдастырылатын белдесулерде ерлер мен әйелдер еркін күрестен алғаш рет бір спорт кешенінде жиналып, шын мықтыны анықтайды. Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мұхиттың арғы бетіндегі додада Қазақстан құрамасынан екі өкіл бақ сынайтынын мәлімдеді. Олар — қыздар арасындағы 72 келіге дейінгі салмақтағы әлем ...

    Read More »

    Қазақстан таеквондошы Гран-при финалына қатысады

    Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында 8-10 желтоқсан күндері таеквондодан Гран-придің финалы өтеді. Париждегі Олимпия ойындарына маңызды рейтингілік ұпай әкелетін турнирге әлемдегі таеквондоның мықтылары қатысады. Финалда Қазақстан командасынан Жансель Дениз (+67 кг) бен Смайыл Дүйсебай (+80 кг) күш сынасады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Әлем чемпионаты: Арлей Чонтей төртінші орынды қанағат тұтты

    Ауыр атлет Арли Чонтей Колумбияның Богота қаласындағы әлем чемпионатында төртінші орын алды. Ол 55 келіге дейінгі санатта өнер көрсетті. Қоссайыс қорытындысы бойынша ол 259 (118+141) кг көтерді. Әлем чемпионы Силачей Таиландтан 265 (117+148) келіні басынан асырды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Әлем кубогы: Қазақстан семсерлесуден қола медаль жеңіп алды

    Шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен әлем кубогының жасөспірімдер кезеңінде қола медаль жеңіп алды. Қазақстан намысын Богдан Лукин, Георгий Линников, Александр Федотов, Ғабидин Мустафин қорғады. Жартылай финалда ұлттық құрама Египетке жол берді. Үшінші орын үшін матчта қазақстандықтар Қырғызстаннан мықты болды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Ұлытау облысында кәсіби футбол клубы құрылады

    Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен «Қазақстан футбол федерациясы» ЗТБ қауымдастығының президенті Әділет Барменқұлов Ұлытау облысының әкімдігі мен футбол федерациясының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Кездесуде өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысында кәсіби футбол клубының құралатынын, жаңа команда келесі жылдың наурыз айында басталатын Қазақстан чемпионатының екінші лигасына қатысуға өтінім беру үшін күш-жігерін жұмсау керектігін атап өтті. Оның айтуынша, «Қазақмыс» корпорациясы ...

    Read More »