• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Елімізден Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарына 53 спортшы қатысты

    Сауд Арабиясының астанасы – Ар-Рияд қаласында Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындары аяқталды. Бұл жарысқа Қазақстан спорттың он түрінен 53 спортшыдан құралған делегация құрамымен қатысты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Жарыс 11 күн болып, оған әлемнің 120 елінен 1 500-ден астам спортшы бақ сынасты. Ойындар бағдарламасы барлығы 16 спорт түрі бойынша өтті. Қазақстан дзюдо, таеквондо, күрес (белбеу күресі, қазақ күресі, грек-рим ...

    Read More »

    Арина Алтухова нысана көздеуден Олимпиада лицензиясын алды

    Нысана көздеуден Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Арина Алтухова Олимпиада жолдамасын алды. Ол 50 метр жерден пневматикалық тапаншадан үш позициядан оқ ату жарысында финалда бесінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасының лицензиясына ие болды. Бұл — Қазақстан құрамасы үшін осы спорт түріндегі екінші лицензия. Бакуде өткен әлем чемпионатында алғашқы жолдаманы Ислам Сәтпаев иеленген болатын. Азия чемпионаты 2 қарашаға дейін ...

    Read More »

    Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Мемлекет басшысына Қытайда өткен Азия және Паразия ойындарының қорытындысы бойынша жүргізілген сараптама нәтижелері жөнінде есеп берілді. Президент саланы дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу үшін сапалы әрі кезең-кезеңімен жұмыс жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысына министрлікке қарасты салалардағы заңнамалық базаны жетілдіру, еліміздің туристік әлеуетін ...

    Read More »

    Рыбакина WTA турнирінде бірінші ойында жеңіліп қалды

    Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина бірінші матчында жеңіліп қалды. Рыбакина әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Джессика Пегулаға 5:7, 2:6 есебімен есе жіберді. Бакалар тобында әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко рейтингте 9-орында тұрған грекиялық Мария Саккариді 6:0, 6:1 есебімен басым түсті. Рыбакина WTA қорытынды турниріне алғаш рет қатысып жатыр. Енді ол келесі ойынын ...

    Read More »

    Қазақстан – Сан-Марино матчның билеттері онлайн сатылымға шықты

    Қазақстан футбол федерациясы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Сан-Марино матчының билеттері онлайн сатылымға шыққанын хабарлады. Бұл матч 17 қарашада «Астана Арена» стадионында болады. Ойын сағат 21.00-де басталады. Билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады. Билеттің бағасы 1 500 теңгеден басталады. Үш күннен кейін Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словениямен ойнайды. Матч Люблянадағы «Стожице» стадионында Астана уақытымен сағат 01.45-те (жергілікті уақытпен 20.45) ...

    Read More »

    Допинг дауы: Нора Джерутоның кінәсі жоқ

    Биыл сәуір айында допинг қолданды деп айыптылып, барлық жарыстардан шеттетілген жеңіл атлет Нора Джерутоның кінәсі жоқ екендігі дәлелденді. Сәуір айында Нора Джеруто жеңіл атлетиканың допингке қарсы ережелеріне немесе адалдық кодексіне сәйкес өтетін тыңдауда соңғы шешім қабылданғанға дейін кез келген жарыстан уақытша шеттетілген еді. Егер оның допинг қолданғаны расталса, ол әлем чемпионатының алтын жүлдесін қайтарып беретын болған. Алайда, оның допинг қолданбағаны ...

    Read More »

    Месси сегізінші рет «Алтын доп» сыйлығын алды (ВИДЕО)

    Футболдан Аргентина ұлттық құрамасы мен АҚШ-тың «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси «Алтын доп» сыйлығының иегері атанды. Лео Месси дауыс беру қорытындысы бойынша Норвегия құрамасы мен Англияның «Манчастер Сити» клубының ойыншысы Эрлинг Холанд пен Франция ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» жасағының шабуылшысы Килиан Мбаппе артқа қалдырды. Үздік бестікте Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»/Бельгия) мен Родри («Манчестер Сити»/Испания) бар. Осы тізімдегі ...

    Read More »

    Маңғыстау облысының әкіміне ашық хат

    Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаевқа Құрметті Нұрлан Асқарұлы! Маңғыстау облысы Ақтау қаласына спорттық мектеп-интернат-колледжі қашан салынады? Маңғыстаулық жаттықтырушылар мен спортшылардың күткеніне 31 жыл болды. Тағы қанша жыл күтеміз? Маңғыстаудың ұл-қыздары Олимпиадалық резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде қашан оқиды? Облыс пен қала және аудан әкімдері: «Әлем және Азия чемпионы атанған спортшыға бір жапырақ алғыс хатпен шығарып салады». Одан қалса, Маңғыстау облысының дене шынықтыру ...

    Read More »

    Қазақстан спортшылары тұңғыш әлем чемпионы атанды

    Өткен аптада еліміздің бір топ спортшысы бірнеше елде халықаралық жарысқа қатысып, құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Венгрияның астанасы — Будапештте WKF каратэден мәресіне жеткен әлем чемпионатында Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) топ жарып, спорттың осы түрінен ересектер арасында әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ спортшысы атанды. Сонымен қатар Қайсар Алпысбай (60 кг) әлем біріншілігінің – күміс, Дидар Әмірәлі қола жүлдесіне ие ...

    Read More »

    Қазақстан Азия Пара ойындарын 8 алтын жүлдемен аяқтады

    Қазақстан спортшылары Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия Пара ойындарын аяқтады. Бұл додада 131 отандасымыз спорттың 14 түрінен қатысып, 8 алтын, 12 күміс және 21 қола медальмен командалық есепте 11 орынға ие болды. Жарыста спортшыларымыз, 3 Азия және 4 Азия Пара ойындарының рекордын жасады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Пара каноэде Бибарыс Спатай KL2 және VL3 санатында қос күміс ...

    Read More »