• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Дастан Мұқашбеков – Азия Пара ойындарының чемпионы! (ВИДЕО)

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Дастан Мұқашбеков ядроны 15 метр 74 см-ге лақтырып, бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, осы санатта тағы бір отандасымыз Иван Зелезняк ядроны 12 метр 39 см-ге жіберіп, қола медальді иеленді.  Ал екінші орын БАӘ спортшысы Алкаби Мохаммадқа бұйырды. Ол 12 метр 99 см жерге ядроны түсірді. Дастанды жарқын жеңісімен құттықтаймын! Бүгін ол кәсіби ...

    Read More »

    IV Азия Пара ойындары: Қазақстан екі күнде қоржынға жүлдені толтырды (ВИДЕО)

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Азия Пара ойындарында Қазақстан спортшылары күміс және қола медальдер иеленді. Әуелі  пара дзюдошы Зарина Раифова  70 келі (J2) салмақта күміс жүлдегер атанды. Ол финалда қытай Ван Хуюнға есе жіберді. Одан кейін спорттың осы түрінен 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Жанбота Аманжол (J2) күміс медаль иегері атанды. Жанбота алтын жүлде үшін күресте  Оңтүстік Корея ...

    Read More »

    Теннисші Жібек Құламбаева ITF турнирінің жеңімпазы атанды

    Теннисші Жібек Құламбаева Францияның Шербур қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің жеңімпазы атанды. Ол жұптық сында Польша өкілі Мартына Кубкамен бірге жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркеліп, финалда франциялық Ясмин Мансури мен бельгиялық Лора Солденді 6:0, 6:3 есебімен жеңді. Осылайша, Жібек Құламбаева жұптық сында тағы бір ITF додасында үздік шықты. Бұған дейін Қазақстан мен Польшаның теннисшілері франциялық Диана Мартынов пен ұлыбританиялық Матильда ...

    Read More »

    «Бесінші алтын медаль!»: Нұрдәулет Жұмағали Параазиаданы жеңіп алды

    Қытайдың Ханчжоу қаласынан тағы ьбір қуанышты хабар келіп жетті. Ерлер  арасында суға жүзу жарысында Нұрдәулет Жұмағали алтын медальді жеңіп алды. Ол 1 минут 05.92 секундтта 100 метрді брасс стилімен жүзіп өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спортшыларды осы қуанышты хабармен құттықтады. Нұрдәулетті Азия ойындарындағы жеңісімен құттықтаймын! Спортшыларды жарысқа дайындаумен айналысқан жаттықтырушылардың жұмысын ерекше ...

    Read More »

    Параазиадада Қазақстан қоржынына тағы бір күміс пен үш қола жүлде түсті (ФОТО)

    Бүгін түс ауа Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Параазиадада еліміздің тағы бірнеше спортшысы күміс және қола жүлдеге ие болды. Бұл жолы пара таэквондода Камила Досмайылова екінші орын алды. Ол финалда 44-57 кг салмақ дәрежесінде Иран спортшысы Роза Ибрахимиге жол берді. Қола медальді парадзюдошылар Динара Куджулова, Бауыржан Арыстанбеков пен Даяна Федосова иеленді. Динара 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде  Өзбекстанның өкілі ...

    Read More »

    Астана әкімі Жәмила Бақбергеноваға пәтер кілтін тапсырды

    Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек XIX Жазғы Азия ойындарының чемпиондарымен кездесіп, сыйлық тарту етті. Жақында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азиадада Қазақстан ұлттық құрама командасының сапындағы Астананың спортшылары 10 медаль жеңіп алды. Олар ел қоржынына 1 алтын, 3 күміс және 6 қола жүлде салды. Осыған байланысты Астана қаласының әкімі Азиаданың құрмет тұғырынан көрінген спортшылармен кездесіп, жеке құттықтады. Осы жерде қала басшысы ...

    Read More »

    Олжас Оразаәліұлы – Азия Пара ойындарының чемпионы!

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Азия Пара ойныдарында тағы да еліміздің жалауы көтеріліп, әнұраны ойнады. Параазиадада 73 кг салмақта өнер көрсеткен Олжас Оразәліұлы (J2 санаты) пара дзюдодан алтын медаль иегері атанды. Ол алтын медаль үшін күресте Өзбекстанның спортшысы Феруз Саидовты жеңді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Біздің парадзюдошымыз өзінің жоғары кәсіби деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Олжасты Азия ...

    Read More »

    Ерғали Шамей Азия Пара ойындарының чемпионы атанды

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында пара дзюдодан Қазақстан спортшылары Ерғали Шамей мен Асылан Нұрдәулетов финалда татамиге шықты. Бұл жекпе-жекте Ерғали Шамей жеңіске жетті. Сөйтіп, ол Азия Пара ойындарының чемпионы атанса, Асылан Нұрдәулетов күміс медальге ие болды. Біздің дзюдошылар тағы да керемет нәтиже көрсетті! Еліміз сіздермен мақтанады. Қазір бүкіл ел сіздерге жанкүйер болып отыр. Алдағы турнирлерде де Қазақстан ...

    Read More »

    Параазиадада тағы бір Қазақстан спортшысы қола медаль алды

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Пара Азия ойындарында Қазақстан спортшыларының қоржыны тағы бір медаль түсті. Роман Потапов S12 санаты бойынша 100 метр қашықтықты арқамен жүзуде қола медаль жеңіп алды. Оның көрсеткіші — 1 минут 10.25 секунд. Алтын медальді индонезиялық Иавианда Маулана Рифки (1: 03.55) иеленді. Ираннан келген Карими Йохан Абади Мохаммад Хоссейн (1:09.05) күміс медаль иегері атанды. Осымен Қазақстан ...

    Read More »

    Еркін күрестен ӘЧ: Асылжан Есенгелді финалға шықты

    Албанияның астанасы – Тирана қаласында өтіп жатқан еркін күрестен (U23) әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрама командасының балуаны Асылжан Есенгелді финалға шықты. Ол 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде аса тартысты өткен жартылай финалда Қырғызстанның бозкілем шебері Тайырбек Жумашбек уулудан басым түсті. Оған дейін Асылжан Есенгелді бірінші белдесуінде жапон Каито Моританы, ширек финалда үнді балуаны Акаш Дахияны с жеңді. Бүгін отандасымыз бас ...

    Read More »