• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: ақпан 2023

    Тұлғаны еске алу турнирі

    «Жақсы адам ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы», деген екен дана халқымыз. Қазақ спортының дамуына зор үлесін қосқан тау тұлғалы азаматтар көп екенін білеміз. Солардың ішінде басшылық қызметте жүріп, қолынан келген жақсылығын қазақ спортының өркендеуіне, кешенді ғимараттардың бой көтеруіне сүбелі үлесін қосқан ірі тұлғаның бірі — Каркен Ахметұлы Ахметов деп айтар едік. Ол кісінің Қазақ КСР Министрлер Кеңесіндегі Спорт комитетінің ...

    Read More »

    Жасөспірімдер шаңғымен тұғырдан секіруден Олимпиадаға жолдама алды

    Алматыда IV қысқы Жастар спорт ойындары болып жатыр. Бүгін Алатау бөктеріндегі қалада шаңғымен тұғырдан секіруден үздік жасөспірімдер анықталып, марапатталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Соңғы жарыс күні аралас командалық сында (2 қыз бен 2 ұл, — ред.) Алматы қаласының бірінші командасы айтарлықтай басымдықпен жеңіске жетті. Одан кейінгі орынға Алматы-2 командасы мен Шығыс Қазақстан облысының спортшылары ...

    Read More »

    Жазғы Спартакиада: еркін күрестен жеңімпаздар анықталды

    Алматыда өтіп жатқан VI жазғы Спартакиадада балуандардың белдесулері жалғасып жатыр. Еркін күрес шеберлері бозкілемде 5 салмақта үздіктерді анықтады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Апта басындағы бәсекеде бірнеше сенсация тіркелді. Атап айтқанда, ұлттық құрамадағы 74 келіге дейінгі салмақта көшбасшының бірі, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2 дүркін Азия чемпионы Нұрқожа Қайпанов жартылай финалда Дархан Есенғалиден ...

    Read More »

    Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Ресейді ұтты (ВИДЕО)

    Беларусьтің астанасы Минскіде өтіп жатқан «Даму кубогы-2023» халықаралық турнирінде 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы ойынын өткізді. Құрама команда Ресейдің 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер командасымен кездесіп, қарсыластарын 1:0 есебімен ұтты. Матчта жалғыз голды Эльхан Саидов соқты. Александр Кузнецовтың командасы келесі ойынын 7 ақпан күні Өзбекстанмен өткізеді. Кездесу Астана  уақытымен 14:00-де басталады. Қазақстан U-17 – Ресей U-16 – 1:0 (1:0) ...

    Read More »

    Елімізде дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі өтеді

    Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) елімізде әлемдік Grand Slam турнирін өткізу туралы төртжылдық келісімшартқа қол қойды. Францияның Париж қаласында өткен Grand Slam турнирі аясында Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының ресми кездесуі болды. Кездесуде Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер мен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев екіжақты келісімшартқа қол қойды. Келісімшартқа сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam турнирін 2023-2026 жылдар ...

    Read More »

    Қазақстан балуандары Grand Slam турнирінде екі жүлдені жеңіп алды

    Францияның Париж қаласында дзюдодан өткен әлемдік Grand Slam турнирінде Қазақстан балуандары екі медальлі жеңіп алды. Әйелдер арасында 48 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Әбиба Әбужақынова қола медальға ие болды. Ол жұбаныш финалында Оңтүстік Корея спортшысы Ли Хе Кенгті жеңді. Ерлер арасында 73 килоға дейінгі салмақта күш сынасқан отандасымыз Данияр Шамшаев та үздік үштіктен көрінді. Ол қола жүлде үшін күресте тәжірибелі канадалық Артур Маргелдионды ұтты. Grand ...

    Read More »

    Боксшы Виктор Теміров үшінші қарсыласын да нокаутқа жіберді

    Боксшы Виктор Теміров кәсіби рингтегі үшінші жекпе-жегін өткізді. 22 жастағы былғары қолғап шебері Германияда өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, тәжірибелі босниялық Милош Яньянинмен кездесті. Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа жоспарланса да айқас ұзаққа созылмады. Үшінші раундта Теміров қарсыласын нокдаунға жіберді. Содан кейін төреші отандасымыздың техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін тіркеді. Осылайша Виктор Теміров кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне жетті. Ол барлығында ...

    Read More »

    «Еуропа аруы» атанған Әйгерім Әбілқадырова қарсыласын неге тістеп алғанын ашып айтты

    Францияның астанасы Парижде өткен Grand Slam турнирінің алғашқы жарыс күнінде Әйгерім Әбілқадырова спортқа жат әрекетімен көзге түсіп, қарсыласының аяғын тістеп алған болатын. Осы оқиғаға байланысты спортшы мұндай қадамға неліктен барғанын айтты. «Барлық диван сыншыларына жауап берейін. Париждегі Grand Slam турнирінде мен бельгиялық спортшымен күрестім. Ол менің шынтақ буынымды тартып, ауырту әдісін жасады. Мен берілгенімді білдіріп, белгі бердім. Бірақ бельгиялық спортшы ...

    Read More »

    «Еуропа аруы» атанған Әйгерім Әбілқадырова қарсыласының аяғын тістеп алған (ВИДЕО)

    Дзюдодан Парижде өткен Grand Slam турнирінде Әйгерім Әбілқадырова қарсыласының аяғын тістеп алды. 52 кг салмақта сынға түскен Әйгерім бірінші айналымда бельгиялық Шарлин ван Сникке есе жіберіп алды. Ол дзюдода өте қиын саналатын қылғындыру әдісіне түсіп қалған. Айгерім ауыртатын әдіске түсіп, шамасы, бельгиялықты тістеп алған сияқты. Бұл Париждегі «Үлкен дулыға» турнирінде болды, — деп жазды «Спорт Шредингера» Telegram арнасы. Әйгерім Әбілқадырова ...

    Read More »

    Маңғыстаулықтар – кёрлинг жеңімпазы

    Қысқы спорт түрі кёрлингтен XXIII республикалық чемпионатта аралас командалар арасынан маңғыстаулықтар бірінші орынды жеңіп алды. Финалға Алматы мен Астана қалаларының және Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарының командалары, сондай-ақ есту қабілеті төмен ойыншылар командасы мен мүгедектер арбасын пайдаланушылар командасы да қатысты. Сайыс қорытындысында маңғыстаулықтар жеңімпаз атанды. Екінші орын Астана қаласына бұйырып, үшінші орынға Қостанай облысы ие болды. Одан кейінгі ...

    Read More »