• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: мамыр 2024

    Ұлттық құраманың төрт гимнасшысы финалға шықты

    Спорттық гимнастикадан Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан Challenge Cup турнирінде ұлттық құраманың төрт гимнасшысы финалға шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Еркін жаттығуда Дмитрий Патанин 14.600 ұпай алып,  іріктеуде екінші орын алса, 13.750 ұпай жинаған Асан Салимов алтыншы орыннан көрінді. Ат снарядында Нариман Курбанов 15.650 ұпай жинады. Ол бірінші орынға шықты. Зейнолла Идрисов 14.850 ұпаймен екінші ...

    Read More »

    Бокстан Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

    Бүгін Таиландтың Бангкок қаласында бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирі басталады. Іріктеу жарысы 5 маусымда аяқталады. Бұл – Олимпиада алдындағы ең соңғы електік бәсеке. Турнирде Қазақстанның ерлер құрамасынан – 1, әйелдер командасынан 5 боксшы күш сынасады. Егер олар осы турнирде жеңімпаз атанып, Олимпиадаға жолдаманы алса,  Париждегі Ойындарға ерлер мен әйелдер құрамасы толық құрамда қатыса алады. Ал әзірше ерлерден Олимпиадаға лицензияны Сәкен Бибосынов ...

    Read More »

    Дзюдошы Сара Леони Сизик Олимпиадаға қатысады

    Биыл — Олимпиада жылы. Өз жерінде болатын Париж Олимпиадасына француз дзюдошылары да қатысады. Осы жарыста 25 жастағы Сара Л.Сизик те алтын жүлде алуы мүмкін. Былтыр Grand Slam Astana-2023 турниріне 42 елден 334 дзюдошы келіп қатысқан еді. Онда 57 келіде француз спортшысы С.Леони Сизик жеңімпаз атанды. Сол кезде Сизикпен танысып, біраз сұрақтың астына алдым. Биыл өткен сайыстарда C.Л. Сизик Grand Slam ...

    Read More »

    Иран құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Иран Ислам Республикасының спорт және жастар министрі Киомарз Хашемимен екіжақты келіссөз жүргізді, деп хабарлады ведомство. Кездесуде Қазақстан мен Иран арасындағы жас спортшыларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Былтыр екі елдің министрлері арасында спорт саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Ермек Маржықпаев бұл құжат екі ел арасындағы қарым-қатынасты жандандыруға ықпал ...

    Read More »

    ШЫҰ-ға мүше елдердің өкілдері Олимпиадалық даярлау орталығымен танысты (ВИДЕО)

    Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласына жауапты басшылары Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Кездесуде туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, Ресей Федерациясы, Иран Ислам Республикасы, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан мен Үндістанныңтуризм және спорт министрлері мен өкілдеріне орталықтың жұмысы мен қызметі туралы айтып берді. Олимпиадалық ...

    Read More »

    Туризм және спорт министрі Қытай спортшыларын бірге жаттығуға шақырды

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің спорт министрлерінің кеңесі аясында Қытайдың дене шынықтыру және спорт жөніндегі бас мемлекеттік басқарма басшысы Гао Чжиданмен кездесіп, екіжақты келіссөз жүргізді, деп хабарлады ведомство. Ермек Маржықпаев ең алдымен Қытай тарапына Ханчжоудағы Азия ойындарын лайықты деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. 2023-2024 жылдары Қытайда ел спортшылары ескек есу, бокс, мәнерлеп сырғанау, таэквондо және өзге ...

    Read More »

    Гимнасшылар Олимпиданың жалғыз жолдамасына таласады

    24-26 мамыр күндері  спорттық гимнастикадан әйелдер арамында лицензиялық Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Бұл жарыста Қазақстан атынан Аида Бауыржанова, Дарья Ясинская, Арина Лебедева, Анфиса Иванова мен Көркем Ербосынқызы бақ сынайды. Сары құрлықтың додасында көпсайыс бойынша Олимпиаданың жалғыз лицензиясы сарапқа салынады. Жолдама үшін 7-8 мемлекеттің гимнасшылары өнер көрсетеді. Олардың арасында біз де бармыз,- деді ...

    Read More »

    Алия кубогы: Қазақстан индорхоккейден плей-оффқа шықты

    Индорхоккейден ерлер арасында Талдықорған қаласында өтіп жатқан Азия Кубогының плей-офф кезеңіне жолдама алған командалар анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Қазақстан құрамасы Оманды 4:0, Индонезияны 6:2 жеңіп, Малайзиямен 3:3 есебімен тең түсіп, ширек финалға шықты. Енді Қазақстан мен Иран хоккейшілері келесі айналымға өтуге барын салады. Сол секілді жалғыз жолдама үшін Сингапур мен Оман, Индонезия мен Тәжікстан, ...

    Read More »

    Теннистен жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды

    Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Дэвис кубогы Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ширек финалда Сергей Квак жасақтаған команда әлемдегі үздік құрамалардың бірі, жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының алты дүркін чемпионы Аустралия құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Матчта әуелі ел құрамасына Дамир Жалғасбай Кэмерон Бертонды 6:3, ...

    Read More »

    Су тасқыны: Арқалыққа қарасты ауылдарда киіз үйлер тігілді (ВИДЕО)

    Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры Арқалық қаласының тасқын судан зардап шеккен Екідің мен Қызыл жұлдыз ауылдарының тұрғындарына 35 киіз үй тігіп берді. Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асановтың айтуынша, қоғамдық қордың директоры Қасым Қасабеков арнайы келіп, 32 киіз үйді Екідің ауылының тұрғындарына табыс етті. Алты қанатты ақ шаңқан киіз үйлер құрылып, жеребе арқылы иелері анықталды. Қиын жағдайда көмек көрсеткені үшін ...

    Read More »