• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: мамыр 2024

    Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

    Осы күндері ауыр атлетикадан Перудың астанасы Лима қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасының өкілі Нұрдос Сабыр бірінші орынды жеңіп алды. Ол , 89 келіге дейінгі салмақта қоссайыс қорытындысы бойынша 333 (148+185) келіні басынан асырып, үздік атанды. Күміс медальді Валерик Мовсесян (Армения), қола жүлдені Бекзод Гофиржанов иеленді. Нұдос Сабыр былтыр әлем чемпионатында екінші орынға ие болған еді. Бұған ...

    Read More »

    Спорттық гимнастикадан АЧ: Аида Бауыржанова алғашқы жүлдесін алды

    Өзбекстанның Ташкент қаласында спорттық гимнастикадан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан тұңғыш рет жүлде алды, деп хабарлады olympic.kz. Соңғы жарыс күнінде Аида Бауыржанова қола медальге ие болды. Ол еркін жаттығудан 13.066 ұпай жинап, үздік үштікке енді. Спортшы Филиппин мен Қытай спортшыларын ғана алға жіберді. Аида Бауыржанова көпсайыста төртінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасына іріктеуден өте алмады.    

    Read More »

    Олимпиаданың күміс медалін алатыныма сенбедім – Анна Нұрмұхамбетова

    2012 жылы ауыр атлетикадан Ұлыбританияның астанасы – Лондон қаласында өткен жазғы Олимпиялық ойнындарда бесінші орын алған отадасымыз Анна Нұрмұхамбетова араға 12 жыл салып, Олимпиаданың күміс жүлдесіне ие болды. Оған Олимпиаданың күміс медалі Перудың астанасы — Лимада спорттың осы түрінен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында салтанатты түрде табыс етілді. Еске сала кетсек, 2012 жылғы Олимпиадада Анна Нұрмұхамбетова 69 келіге дейінгі ...

    Read More »

    Боксшылар дәстүрлі турнирде шаршы алаңның шаңын қақты (ФОТО)

    Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған бокстан өткен халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі. Халықаралық турнирге Армения, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстаннан келген 150 былғары қолғап шебері қатысты. Кеңес Одағының Батыры, № 1 Халық қаһарманы, Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған турнирді Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті ұйымдастырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне ...

    Read More »

    Бурабайда триатлоннан Азия кубогының иегерлері анықталды (ФОТО)

    Ақмола облысындағы Бурабай курортты аймағында  триатлоннан Азия кубогы мен Орталық Азия чемпионаты аяқталды. Биылғы жарысқа 12 елден барлығы элита санатында 37 атлет (ерлер — 29, әйелдер — 8) қатысты. Спортшылар 3 сағатқа жуық уақытта 750 метр қашықтықты жүзіп өтіп, 40 шақырымды велосипедпен артқа тастады. Оған қоса 10 шақырым жолды жүгірді. Азия кубогының нәтижесінде отандасымыз Дарын Қонысбаев төртінші сатыға  жайғасса, Александр ...

    Read More »

    «Реал Мадрид» әлемнің ең қымбат клубы атанды

    Испанияның «Реал Мадрид» клубы үшінші жыл қатарынан ең қымбат клубтар рейтингінде бірінші орынға шықты. Forbes басылымның мәліметіне қарағанда, Мадрид қаласының клубының құны — 6,6 млрд доллар. Биылғы маусымда клуб Испания чемпионы атанды. Енді ол Чемпиондар лигасының жеңімпазы атануы мүмкін. 1 маусымда финалда король клубы Германияның Дортмунд қаласынының «Боруссия» клубымен ойнайды. «Реал Мадрид» 1981 жылдан бері Чемпиондар лигасының финалында жеңілген емес. ...

    Read More »

    ХОК Головкинге қолдау көрсететінін айтты

    Бүгін Швейцарияның Лозанна қаласында Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Халықаралық Олимпиада комитетіне ресми іс-сапары аяқталды, деп хабарлады Olympic.kz.  Сапардың соңғы күні ҰОК президенті Геннадий Головкин бастаған делегация ХОК басшысы Томас Бахпен кездесті. Кездесуде Қазақстан мен ХОК арасындағы әріптестікті нығайту мәселесі әңгіме болды. Бах ҰОК президенті Геннадий  Головкинді жауапты қызметке сайлануымен құттықтап, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа басшылығына ХОК қолдау көрсететінін айтты. ...

    Read More »

    Қазақстан дзюдодан әлем чемпионатын бір қола жүлдемен аяқтады (ВИДЕО)

    Дзюдодан Қазақстанның әйелдер және ерлер құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан әлем чемпионатында аралас командалық жарысты аяқтады. Қазақстан құрамасы бірінші айналымда Германиямен кездесіп, 2:4 есебімен жеңіліп қалды. Ел құрамасы сапында Камила Берліқаш пен Ерасыл Қажыбаев қана қарсыластарын жеңді.  Ал Екатерина Токарева, Айдар Арапов, Бақыт Құсақбаева мен Дархан Қойбаған қарсыластарына есе жіберді. Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын бір қола жүлдемен аяқтады. ...

    Read More »

    Қазақстан мен Беларусь дене шынықтыру мен спорт саласындағы келісімге келді

    ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің спорт министрлері кеңесі аясында туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Беларусь Республикасының спорт және туризм министрі Сергей Ковальчукпен екіжақты келіссөз өткізді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Ведомство басшылары екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі дамытудың маңызды мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастық экономиканың негізгі салаларында жан-жақты дамып келеді. Екіжақты байланыстар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Еуразиялық ...

    Read More »

    Бақтиер Зайнутдинов Түркия кубогын жеңіп алды (ВИДЕО)

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасы мен Ыстанбұл қаласының «Бешикташ» клубының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов Түркиядағы алғашқы жетістігіне жетті. «Бештикташ» Түркия кубогының финалында Трабзон қаласының «Трабзонспор» клубын  3:2 есебімен жеңіп, ел кубогының иегері атанды. Сөйтіп, Ыстанбұлдың командасы осы жеңістің арқасында Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Бұл матчта Бақтиер Зайнутдинов жарақатына байланысты ойнаған жоқ. Ол қосалқы құрамда қалып, алаңға шықпады. Ойында бірінші ...

    Read More »