Иорданияның Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Назым Қызайбай ширек финалға шықты. Екі дүркін әлем чемпионы 50 келіге дейінгі салмақта таиландтық Раксат Чутхаматпен кездесті. Кездесуде жекпе-жек өте тартысты өтіп, төрешілер жеңісті 3:2 есебімен Назым Қызайбайға берді. Одан басқа Азия чемпионатында әйелдер арасында Алуа Балқыбекова (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Римма ...
Read More »Азия чемпионаты
Азия чемпионаты: екі боксшымыз жеңіп, біреуі жеңілді
Бокстан ересектер арасында Иорданияның астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күні шаршы алаңға үш боксшымыз көтеріліп, екеуі келесі кезеңге жолдама алса, біреуі жеңілді. Қазақстан ұлттық құрамасынан жарысты алғашқы болып 57 келі салмақта Серік Теміржанов бастады. Ол Түркіменстан елінің өкілі Ихлас Гылычжановтан айласын асырып, келесі айналымға шықты. Енді ол ширек финалда былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері иорданиялық Юсеф Иашашпен ...
Read More »Гимнастика: Қазақстан Азия чемпионатында 11 жүлде алды
Малайзияның астанасы Куала-Лумпур қаласында эстетикалық гимнастикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл додада Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды Марапаттау рәсімінде еліміздің әнұраны бес рет шырқалды. Әр санаттағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында елімізден екі командадан болды. Чемпионатта 6 медаль жиынтығы сарапқа салынды. 16 жастан асқан қыздар арасында «Кармелита» (Шымкент) командасы чемпион атанды. Оның құрамында Елизавета Шарая, Сәбина Елубаева, Аида Жақсыбек, ...
Read More »Бокс: Азия чемпионатын Серік Теміржанов бастап береді
Бүгін Иорданияның астанасы Амман қаласында бокстан Азия чемпионатының екінші жарыс күні басталады. Қазақстан құрамасынан шаршы алаңға үш боксшысы шығады. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының былғары қолғап иелері ринге көтерілген жоқ. Бүгін Астана уақытымен сағат 17.00-де 57 кг дейінгі салмақта Серік Теміржанов пен Ихлас Гылычжанов (Түркменістан) қолғап түйістіреді. Жеңгені ширек финалда жұдырықтасады. Одан кейін 63,5 кг салмақта Санатәлі Төлтаев Өзбекстанның боксшысы ...
Read More »Бокс: Азия чемпионатының жеребесі тартылды
Иорданияның астанасы Амман қаласында бокстан XXXII Азия чемпионатының жеребесі тартылды. Бүгіннен бастап 13 қарашаға дейін Иорданияның төрінде 25 салмақтың биылғы үздігі анықталады. Бұл жолы сары құрылықтағы 27 елден 181 ер адам пен 86 əйел боксшы сынға түседі. Қайрат Сəтжановтың 7 шəкірті жарысты өз салмағындағы №1 боксшы ретінде бастайды. Ал əйелдер арасында чемпионат басталмай жатып-ақ ел қоржынына 3 жүлде түсті. Мәдина ...
Read More »Қайрат СӘТЖАНОВ: «Биылғы додада есе қайтарамыз»
Иорданияның астанасы Амман қаласында өтетін бокстан Азия чемпионатына әйелдер құрамасының ізін ала Қазақстан ерлер командасы да аттанды. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Қайрат Сəтжановтың шəкірттері Алматы облысының Бәйтерек ауылындағы орталықта оқу-жаттығу жиынын өткізіп, шешуші жекпе-жектерге дайындықты аяқтады. Осы тұста кей салмақтарда бəсекелестік өте жоғары болғаны сонша, кімнің баратынын анықтау қиын болған екен. Мәселен, бапкерлерге 63,5 келіде «Елорда кубогы» халықаралық турнирінің жүлдегерлері ...
Read More »«Дұғада болайық»: боксшы Қоңқабаев командаға қолдау білдіруге шақырды
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Қамшыбек Қоңқабаев жанкүйерлерді Азия чемпионатының алдында командаға қолдау білдіруге шақырды. Бұл туралы ол Instagram-да айтты. Жеребе тартылды. Аллаға шүкір жігіттер бабында. Ендігі кезекте бағымыз қатар шауып, қазақ елін жеңіспен қуантсақ деген сенімдеміз. Қолдауларыңызды білдіріп, құрамаға жеңіс тілеп, ел абыройын қорғайтын батырларымызға дұға етіп қойыңыздар, — деді ол. Азия чемпионаты бүгін басталады. Қамшыбек Қоңқабаевтың өзі ел ...
Read More »Бокс: Қазақстан Азия чемпионаты басталмай жатып үш жүлде алды
Бокстан Қазақстан құрамасы Иорданияның астанасы Амман қаласында өтетін Азия чемпионаты басталмай жатып үш жүлде алды. Биылғы Азия чемпионатын Қазақстанның әйелдер құрама командасының сапындағы Мәдина Нұршаева (66 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) мен Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) финалдан бастайды. Сондықтан олар қазірдің өзінде қола жүлдені иеленіп отыр. Олардан басқа, Азия чемпионатында ел намысын Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай (50 кг), ...
Read More »Қазақ боксшыларынан Азия чемпионатына кімдер қатысады?
30 қазан күні Иорданияның астанасы Амман қаласында бокстан ересектер арасында кезекті XXXII Азия чемпионаты басталады. Чемпионат 13 қараша күні аяқталады. Онда ерлер 13 салмақта, әйелдер 12 салмақта сынға түседі. Осы додаға Қазақстанның ұлттық құрама командасының сапында қатысатын боксшылардың тізімі белгілі болды. Бұл сынға ерлер арасында Санжар Тәшкенбай (48 кг), Сәкен Бибосынов (51 кг), Сабырхан Махмұд (54 кг), Серік Теміржанов 57 (кг), Саматәлі ...
Read More »