• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Күрестен ӘЧ: Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды

    Түркияның Ыстанбұл күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының (U17) үшінші күні грек-рим күресінің балуандары арасындағы бәсеке аяқталып, Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды. Үш балуанымыз жұбаныш белдесулерін өткізіп, үшеуі де жеңіске жеткен еді. Алайда 60 келідегі Ердәулет Ләсім, Диас Сейітқалиев (71 кг) мен Максим Украинцев (92 кг) қола жүлде үшін болған таласта қарсыластарына есе жіберіп, әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады. Сондай-ақ кеше ...

    Read More »

    Универсиада: Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі жүлдемен толықты

    Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан құрамасының қоржынына тағы екі жүлдемен толықты. Бүгін ерлер арасында ушудан өткен жарыстың жартылай финалында Бексұлтан Қоскенов (60 кг) Ма Йигуден 0:2 есебімен ұтылып, қола жүлдені иеленді. Әйелдер арасында Айгерім Төреханова (60 кг) жартылай финалда түркиялық Берне Туттан жеңіліп қалды. Қазір Қазақстан спортшылары 13 медаль алып отыр. Оның ішінде 1 алтын, ...

    Read More »

    Бозкілемге грек-рим күресінің балуандары шықты

    Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты (U17) басталып, екі күн бойы грек-рим күресі балуандары өзара мықтыны анықтады. Күрес түрлері федерациясының хабарлауынша, Қазақстан құрама сапынан екі балуанымыз жұбаныш белдесуіне жолдама алған болатын. Өкінішке қарай, екеуі де ұтылып, қола жүлдеге таласа алмады. Атап айтар болсақ, 65 келідегі Әлібек Тұрлығазы жұбаныш белдесуінде алдымен болгар балуанын 10:0 есебімен ұтқанмен, келесі белдесуінде үнді Кумар ...

    Read More »

    Премьер-министр бұқаралық спортты дамытуды тапсырды

    Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бұқаралық спортты дамыту және саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері қаралды. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов республикада жыл сайын 1,2 млн адамды, оның ішінде ауылдың 500 мың тұрғынын қамтитын түрлі деңгейдегі 25 мыңнан астам бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілетінін хабарлады. Соңғы жылдары марафондар, велошерулер, отбасылық жарыстар, бұқаралық коньки тебу мен басқа да іс-шаралардың танымалдығы ...

    Read More »

    Елімізде спорт инфрақұрылымы жетіспейді — министр

    Мемлекеттің дене шынықтыру мен спорт саласына қатысты қоғам алдында екі негізгі міндеті бар. Ол ел тұрғындарының дене шынықтырумен айналысуына жағдай жасау және жоғарғы жетістіктер спортын дамыту. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлімдеді. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мәселеге қатысты Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баяндама жасады. Оның айтуынша, бұқаралық спорттың негізгі төрт ерекшелігі ...

    Read More »

    Елімізде футбол алаңдары жаңартылады — ҚФФ

    Қазақстан футбол федерациясы мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамытуға арналған тапсырмасын орындау мақсатында елімізде футбол алаңдарын қайта жаңарту бағдарламасын іске қосты. Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен іске асырылады. Сондай-ақ жоба аясында жеке инвестицияларды тарту жоспарланып отыр. Жобаның басты мақсаты – футбол инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау, — делінген хабарламада. ҚФФ-ның мәліметіне қарағанда, биыл бағдарлама аясында Ақтау, Алматы, Шымкент, ...

    Read More »

    Универсиада: Елжаңа Таниева күміс және қола жүлдегер атанды

     Гимнастшы Елжаңа Таниева Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан құрамасына бір күміс, бір қола жүлде жеңіп алды. Ол доп және таспа жаттығуында күміс жүлдені, шығыршық жаттығуында қола жүлде иеленді. Сөйтіп, доппен ойын көрсету сайысында екінші орынға ие болды. Ал бірінщі және үшінші орынды Венгрия мен Украинаның спортшылары жеңіп алды. Одан басқа Универсиадада садақшы Диана Тұрсынбек финалда оңтүстіккореялық Чой Ми ...

    Read More »

    Сүйінші! Қазақстан Универсиадада  алтын жүлдені жеңіп алды

    Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік студенттер ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальді жеңіп алды. Таэквондошы Рита Бакишева 46 кг салмақ дәрежесінде Тайпейдің өкілі Хуан Ин Суанды ұтып, Универсиада чемпионы атанды. Сұңғат Жұбатқан мен Асқар Нарқұлов қола жүлдені жеңіп алды. Әуелі Сұңғат Жұбатқан 66 келі салмақта күресіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды. Ол үшінші орын үшін белдесуде өзбекстандық қарсыласын ...

    Read More »

    Қазақстан дзюдошылары Универсиаданың қола жүлдегері атанды

    Осы күндері Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік студенттер ойындарында Қазақстан құрамасының дзюдошылары Сұңғат Жұбатқан мен Асқар Нарқұлов қола жүлдені жеңіп алды. Әуелі Сұңғат Жұбатқан 66 келі салмақта күресіп,  Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды. Ол үшінші орын үшін белдесуде өзбекстандық қарсыласын тізе бүктіріп, жеңіске жетті. Одан кейін кілемге 73 кг салмақ дәрежесінде шыққан  Асқар Нарқұлов Қазақстан құрамасына екінші қола ...

    Read More »

    Қазақстандық жас дзюдошылар Еуропа кубогында көш бастады

    Қазақстанның дзюдодан жастар құрамасы Еуропа кубогы үшін турнирде көш бастады. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Федерацияның мәліметінше,  29-30 шілде күндері Германия астанасы — Берлинде жастар арасындағы Еуропа кубогы үшін халықаралық турнирге дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы қатысты. Екі күнге созылған бәсекеде ел құрамасы 3 алтын, 5 күміс және 2 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде бірінші орынға тұрақтады. Турнир ...

    Read More »