• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Қытайда XIX Азия ойындарының алауы тұтанды

    Бүгін Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы Лянчжу қаласында XIX Азия ойындарының алауы жағылды. ҚазАқпараттың ҚХР-дағы меншікті тілшісінің хабарлауынша, алау ресми түрде 2022 жылғы XIX Азия ойындарының ашылуына 100 күн қалғанында тұтанды. Биылғы Ойындар Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында болады. Бұл жарыс былтыр 10-25 қыркүйегі аралығында болуы керек еді. Алайда ол коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты кейінге шегерілді. Қытайда Азия ойындары осымен үшінші ...

    Read More »

    Рыбакина көгалдағы төсеніште жаттығып жатыр

    Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина көгалдағы төсеніш маусымына дайындықты бастады. Ол Словакияда көгал төсенішіндегі жаттығуын өткізді. Қазақстандық теннисшінің жаттығуынан түсірілген видео Instagram-дағы Tenisová škola Jednotka аккаунтында жарияланды. Рыбакина 19-25 маусым аралығында Берлинде (Германия) өтетін турнирге қатысады. Бұған дейін ол «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымында сырқаттанып, жарысты жалғастыра алмаған еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    «Реал» ма, «Әл-Иттихад» па?: Мбаппе жаңа клубты таңдады

    «Пари Сен-Жермен» клубының бұрынғы шабуылшы Килиан Мбаппе жаңа клубты таңдады. Le Parisien басылымының хабарлауынша, ол Мадридтің «Реал» командасына ауысуы мүмкін. Бұған дейін хабарланғандай, ПСЖ Мбаппені сататын болып, футболшыны трансферге шығарды. Франция ұлттық командасының форварды париждік клубпен келісімшартты 2025 жылға дейін ұзарта алғанымен, ПСЖ құрамында ойнағысы келмейтінін айтты. Мбаппеге Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубынан да ұсыныс келуі мүмкін деген дерек бар. Бұл ...

    Read More »

    Қазақстан Олимпиадаға алғашқы лицензиясын жеңіп алды

    Тасжолдағы велоспорттан Таиландтың Райгон қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы 2024 жылы Францияның астанасы -Париж қаласында жалауы желбірейтін Жазғы Олимпиялық ойындардың бір лицензиясын жеңіп алды. Қазақстан құрамасы бір аптаға созылған Азия чемпионатында 15 жүлдеге (8 алтын, 4 күміс, 3 қола) ие болды. Әзірше Олимпиадаға ең көп лицензияны  Францияның  366 спортшысы (алаң иесі), АҚШ-тың 131 өкілі, Ұлыбританияның 64 атлеті мен ...

    Read More »

    ПСЖ Мбаппені сататын болып шешті

    «Пари Сен-Жермен» клубы шабуылшы Килиан Мбаппені сататын болып шешті. Клуб футболшыны трансферге шығарды. The Telegraph журналисі Джейсон Берткенің айтуынша, оған футболшының клубпен келісімшартты ұзартудан бас тартқаны себеп болған. Париждік клуб пен Мбаппе келісімшартты 2025 жылға дейін ұзарта алады екен. Алайда Франция құрамасының шабуылшысы ПСЖ құрамында ойнағысы келмейтінін айтты. Клуб басшылығы болса футболшының келісімшартты ұзартпайтыны туралы хатты алмағанын ескертті. Мбаппе ПСЖ ...

    Read More »

    Головкин барлық атағынан айырылды

     Боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) ресми түрде IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан бас тартты. Бұл оның осы кезге дейін болған соңғы атағы еді. IBO президенті Эд Левин Головкиннің әлем чемпионы атағынан бас тартқаннан кейін орта салмақтағы атақ үшін басқа боксшылардың қолғап түйістірулеріне рұқсат берілетінін айтты. Бұған дейін Головкин WBA Super және IBF чемпиондық белбеулерінен бас тартқан ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы шосседегі велоспорттан Азия чемпионы атанды

    Шосседегі велоспорттан Азия чемпионаты бағдарламасының финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. Қазақстан велоспорт федерациясының хабарлауынша, ерлер арасындағы топтық жарыста Глеб Брусенский жеңіске жетіп, алтын медаль алды. Одан кейін мәреге Евгений Гидич келді. Үздік үштікті Юкия Араширо (Жапония) түйіндеді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Ресейде Қазақстанның жекпе-жек шебері алаң иесін нокаутқа түсірді

    Жекпе-жек шебері Жасұлан Әкімжан (10-2) Ресейдің Санкт-Петербур қаласында өткен «Наше Дело» лигасы Гран-при додасының ширек финалында жеңіске жетті. Қазақстандық күрес шебері ресейлік Амирлан Амировты (5-5) бірінші раундта нокаутқа түсірді. Жасұлан Әкімжанның айтуынша, енді ол осы Гран-приді жеңіп алса, UFC-мен келісімшартта жасасуға талпынып көреді. Қазір Шавкат Рахмоновтың арқасында UFC-мен келісімшартқа отырған қазақ жігіттері көбейіп жатыр. Осы ұйыммен екі адам келісімшарт жасасты. Сондықтан ...

    Read More »

    Шахматтан ӘЧ: Қазақстан құрамасы екі алтын мен төрт күміс жүлде алды (ФОТО)

    Грузияның Батуми қаласында рапид және блиц шахматтан кадеттер мен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілдері  Айару Алтынбек (U-12) пен Зарина Нұрғалиева (U-14) алтын медаль мен күміс жүлде алса, Аланна Берікқызы мен Иман Нəбиев күміс жүлдегер атанды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, швейцариялық жүйе бойынша 11 раундтан өткен жарысқа 35 елден келген 450-ден астам 8-18 жас аралығындағы ...

    Read More »

    Алматыда шахматтан Азия чемпиондары анықталды

    Алматыда шахматтан Азия чемпионаты аяқталды.  Оның жабылу салтанаты Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болды. Қазақстан шахмат федерациясы хабарлауынша, жарыста  өзбекстандық гроссмейстер Шамсиддин Вохидов «Азияның шахмат королі» атанды. Ирандық гроссмейстер Бардия Данешвар күміс медальді иеленді.  Ал Қазақстан құрамасынан ала тақта додасына қатысқан Әлішер Сүлейменов қола жүлдеге ие болды. Төртінші орынды Үндістаннан келген гроссмейстер Абхиманью Пураник алды. Әйелдер арасында «Азияның шахмат тәжін» ...

    Read More »