• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Биыл ТМД II ойындары өтеді

    ТМД-ға мүше мемлекеттердің өкілдері ІІ Достастық ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізіп, жарыстың ережесін бекітті. ТМД Атқару комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ТМД II ойындары 4-14 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланған. Ойындар Беларусьтің 11 қаласында (Минск, Борисов, Брест, Витебск, Гомель, Гродно, Жлобин, Могилев, Молодечно, Орша және Солигорск) спорттың 21 түрінен болады. ТМД ойындарына 3 мыңға жуық спортшы, жаттықтырушы, ...

    Read More »

    Мырзағали Айтжанов бас жаттықтырушы болып тағайындалды

    Бокстан КСРО және Еуропа чемпионы Мырзағали Айтжанов Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. Бұл қызметке ол 3 қаңтар күні кірісіп кетті. Бұйрық шықты. Қазақстан бокс федерациясы ұлттық құрама команданы сеніп тапсырды. Сол сенімді ақтауға тырысамыз. Жаңа жылдың қарсаңында басшылар бас жаттықтырушы болуға ұсыныс айтқан болатын. Мен келісімімді бергенмін. Содан кейін бұйрық Жаңа жыл мерекесінен кейін шықты. 3 қаңтардан бері оқу-жаттығу ...

    Read More »

    Бокстан U-22 Азия чемпионаты басталады

    16-27 қаңтарда Таиландтың астанасы Бангкок қаласында бокстан U-22 Азия чемпионаты болады. Оған Қазақстан құрама командасының сапында мына боксшылар қатысады: 48 кг – Санжар Тәшкенбай (Астана қаласы) 51 кг – Даниял Сәбит (БҚО) 54 кг – Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы) 57 кг – Махмұд Сабырхан (Шымкент қаласы) 60 кг – Талғат Сырымбетов (Қарағанды облысы) 63,5 кг – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Түркістан облысы) ...

    Read More »

    Месси чемпиондардың чемпионы атанды

    Аргентина құрамасы мен Францияның «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси L’Équipe басылымы өткізген сауалнаманың қорытындысы бойынша 2022 жылдағы чемпиондардың чемпионы атағына лайық деп танылды.   L’Équipe редакциясы журналистерінің айтуынша, бұл сыйлық жылдың ең үздік спортшысына беріледі. Рейтинг 4 желтоқсан күні аяқталған дауыс берудің нәтижесі бойынша жасалған. Дауыс беру қорытындысы бойынша Лионель Месси 808 ұпай жинады. Франция құрамасы мен «ПСЖ-ның» шабуылшысы Килиан ...

    Read More »

    Әлемдегі ең қымбат футболшылардың рейтингі жарияланды

    Халықаралық спортты зерттеу орталығы (CIES) трансфер құны қымбат футболшылардың рейтингін жасады. CIES рейтингі бойынша бірінші орынды «Боруссия Дортмунд» клубы және Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем иеленді. Оның трансферлік құны 208,2 млн еуроға бағаланған. Екінші орында «Манчестер Сити» клубы мен Англия құрамасының шабуылшысы Фил Фоден (200,5 млн еуро), үздік үштікті «ПСЖ» клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе (190,7 млн еуро) қорытындылаған. ...

    Read More »

    Джанлука Виалли қайтыс болды

    Бүгін футболдан Италия құрама командасының бұрынғы ойыншысы Джанлука Виалли қайтыс болды. Ол 2017 жылдан бері қатерлі ісікпен ауырды. Виалли 1964 жылы 9 шілдеде Кремона қаласында туған. Осы қаланың «Кремонезе» клубында ойнап, әрі қарай «Сампдория», «Ювентус», Англияның «Челси» командасында өнер көрсеткен. Футболшы ретінде карьерасын аяқтаған соң жаттықтырушы болып жұмыс істеді. Былтыр желтоқсан айында жаман аурумен күресу үшін Италия құрамасы делегациясының басшысы ...

    Read More »

    Криштиану Роналду «Әл-Наср» клубымен келісімшарт жасасты

    Португалиялық футболшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубымен келісімшарт жасасты. Қолда бар мәліметке қарағанда, келісім екі жылға жасалған. Осы келісімшартқа сәйкес, енді Роналду жарнамалық келісімдерді қоса есептегенде жылына 200 млн еуро жалақы алатын болады. Келісімшарт жаслаған соң, футболшының өзі араб клубына қатысты жақсы пікір білдірді. «Әл-Наср» клубында ойнайтыныма қуаныштымын.  Жаңа жетістіктерге жету үшін командалас достарымның қатарына қосылуға асықпын», — деді ...

    Read More »

    Президент Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан блиц бойынша әйелдер арасында әлем чемпионы атанған даңқты шахматшы Бибісара Асаубаеваны құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы екінші рет қатарынан алтын медаль иеленген Бибісараның жеңісі оның асқан шеберлігі мен ерен ерік-жігерін тағы бір рет паш еткенін атап өтті. Оның айтуынша, әлемдік сайыстағы отандық спортшылардың осындай елеулі жетістіктері елімізді интеллектуал ұлт ретінде танытып, Қазақстанда шахмат ...

    Read More »

    Әлем чемпионаты тарих қойнауына кетті

    Алматыда жылдам және блиц шахматтан әлем чемпионатының жабыл салтанаты өтті.  Бір аптаға созылған  әлемдік додаға  таңдаулы гроссмейстерлер қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Әлем чемпионатының салтанатты жабылу рәсімінде сөз сөйлеген Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев  доданың елімізде өтуіне мұрындық болған Халықаралық шахмат федерациясына (FIDE) алғысын білдірді.  Бұған дейін де спорт түрлерінен әлем чемпионаты, басқа да маңызды додалар  өтіп келе  жатқан Алматы қаласының ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева — блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы!

    Бүгін Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында блиц шахматтан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. «Мереке қарсаңыздағы соңғы жарыс күні гроссмейстерлер үшін оңай болған жоқ. Қарбаласқа толы кездесулер нәтижесінде Бибісара Асаубаева блиц шахматтан қатарынан екі дүркін әлем чемпионы атанды. Ол барлық 17 ұпайдың 13-ін иеленді. Былтыр Бибісара блиц шахматтан ең жас әлем чемпионы атанған», — ...

    Read More »