• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Қонаевтан қуанышты хабар жетті

    Бүгін «Спорт жұлдыздары» республикалық журналы мен SportPress ақпараттық-сараптамалық спорт сайтының шеф-редакторы, Алматы облысы Талғар аудандық бұқаралық-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру орталығының директоры Жандос Аянбекұлы Қонаев қаласында өткен «Хан Тәңірі» Алматы облысының спортшыларын марапаттау рәсімінде Туризм және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісіне ие болды. Әріптесімізді жоғары дәрежелі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!   Мұсағали ТАСҚАЛИЕВ, АСТАНА

    Read More »

    Рахмонов пен Махачев жекпе-жекке шығуы мүмкін

    Келесі жылы аралас жекпе-жекте шебері Шавкат Рахмонов тағы бір үлкен жекпе-жекке шығуы мүмкін. Бұл туралы бұрын өзі UFC-де октагонға шыққан, ал қазір аралас жекпе-жектің сарапшы болып жүрген Чейл Сон айтты. Оның айтуынша, жартылай орта салмақтағы Шавкат Рахмонов жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачевпен жекпе-жекке шығуы тиіс. Махачев  26 рет октагонға шығып, соның біреуінде ғана жеңілген. Басқа айқастарда қарсыластарын жеңген. Ислам ...

    Read More »

    Футзал. Қазақстан мен Өзбекстан жолдастық матч өткізеді

    Футзалдан Қазақстан құрамасы Ташкент қаласында Өзбекстан командасымен екі жолдастық матч өткізеді. Матчтар келесі жылдың 8-10 сәуір аралығында Өзбекстанның астанасында болады. 2021 жылы Астанада Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары өзара екі жолдастық кездесу өткізген. Алғашқы ойын 3:1 есебімен ұлттық құраманың жеңісімен аяқталса, екінші матчта Өзбекстан футзалшылары 4:6 есебімен жеңді. Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты элиталық іріктеу турнирінің соңғы ойынын сырт ...

    Read More »

    «Алтын тұғыр-2023» ұлттық сыйлығының иегерлері марапатталды

    Бүгін, 21 желтоқсанда Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрда ұлттық спорт түрлері бойынша жыл сайын дәстүрлі табыс етілетін «Алтын тұғыр-2023» сыйлығымен марапаттау рәсімі болып өтті, деп хабарлады Асық ату федерациясы. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен осымен оныншы рет өткізілген іс-шарада ұлттық спортты ұлықтап жүрген үздіктерге арнайы мүсінше мен ақшалай сыйақы табыс етілді. Биылғы марапаттау рәсімі өзгеше форматта ...

    Read More »

    Қарабақта Qarabağ футбол клубы алғаш рет алаңға шықты (ВИДЕО)

    Бүгін Әзербайжанның Қарабақ арнайы экономикалық аймағының орталығы – Ханкенді қаласында жергілікті Qarabağ футбол клубы алғаш рет жасыл алаңға шықты. Qarabağ пен MOİK клубтарының ойынына ел президенті Ильхам Әлиев қатысты. Ол салтанатты жағдайда алаңның ортасында тұрған допты теуіп, матчты бастап берді. Бұған дейін хабарланғандай, Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің мемлекет басшысы болып сайланғанына 20 жыл толуына байланысты Таулы Қарабақтың бірнеше қаласында ...

    Read More »

    Футзалдан ӘЧ: Қазақстан құрамасы іріктеу турнирін бірінші орынмен аяқтады (ВИДЕО)

    Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты элиталық іріктеу турнирінің соңғы ойынын мырт алаңда Румыния командасымен өткізіп, қарсыласын 2:0 есебімен жеңді. Ұлттық құрама сапында Шыңғыс Есенаманов 8-минутта, Біржан Оразов 26-минутта допты торға тулатты. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы А тобындағы барлық ойында жеңіске жетті. Ел құрамасы бұған дейін Румынияны өз алаңында 4:3, Нидерландты екі рет 2:0, 2:0, Әзербайжанды 4:2, 3:2 есебімен жеңген болатын. Қазақстан құрамасы ...

    Read More »

    Азиаданың күміс жүлдегеріне Астанадан пәтер берілді

    Астанада «Астана» спорт форумында  болды. Онда жылдың үздік спортшысы мен жаттықтырушысы, басқа да спортқа қатысы бар адамдарды марапатту рәсімі өтті. Іс-шарада Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері Галина Дувановаға пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. Астана әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан спортшылар одағы» РҚБ ұйымдастырған іс-шара Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет ...

    Read More »

    Ресей футбол одағы Азия конфедерациясына мүше болуға қарсы шықты

    Ресей футбол федерациясының (РФФ) атқарушы комитеті Азия футбол конфедерациясына (АФК) мүше болуға қарсы дауыс берді. Атқару комитетінің барлық мүшелері халықаралық турнирлерге қатысу үшін ФИФА кепілдігінсіз Азияға барудың мағынасы жоқ екенін айтты. Бізге Азия керек емес. Біз Еуропада ойнағымыз келеді. Сол үшін күресеміз. Ресей Еуропадағы ел. Біз Азияға бармауды шештік. Барлығы бірауыздан шешімді қолдады, — деді РФФ вице-президенті Ахмад Айдамиров ТАСС ...

    Read More »

    Тұңғыш рет хоккейден үш бірдей ел құрамасы әлем чемпионатына қатысады

    Мажарстанның астанасы – Будапешт қаласында өткен шайбалы хоккейден жастар арасындағы IA дивизионының әлем чемпионаты аяқталды. Бұл дүрмекті додада бақ сынаған Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын чемпионаттың бас жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Қазақстан құрамасы бастапқы төрт ойында Мажарстан, Франция, Дания және Жапония құрамаларын жеңсе, соңғы матчта Австрия жастарына булиттер сериясында есе жіберді. Жарыс қорытындысында Сергей Старыгин жасақтаған ...

    Read More »

    Қазақстан жасөспірімдер Олимпиадасына әзірше неше жолдама алды?

    Келесі жылдың 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы болады. Бұл жарыс еліміздің жаңа жылға жоспарланған ең басты бәсекелердің бірі болып саналады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Бұл додаға еліміздің спортшылары төртінші рет қатысады. Жалпы, жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасы 2012 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қазіргі таңда Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынында биатлон, ...

    Read More »