• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Туризм және спорт министрлігінде ауыс-түйіс болды

    Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары болып Серіков Роллан Серікұлы тағайындалды, деп хабарлады ведомство. Роллан Серіков 1979 жылы Семей облысында туған.  PhD докторы. Үйленген, 2 баласы бар. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (Нархоз университетін) тәмамдаған. Әр жылдары жоғары оқу орындарында оқытушы, басқарма басшысы, департамент директоры қызметтерін атқарды. 2017-2020 ...

    Read More »

    V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындығы қаралды

    Астанадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика спорт кешенінде Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен Ұлттық спорт түрлерін дамыту және 2024 жылға арналған міндеттер бойынша алқалы жиын өтті, деп хабарлады ведомство. Сонымен қатар іс-шарада келесі жылы Астанада ұйымдастырылатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысы сөз болды. Төл спортымызды дәріптеуге арналған басқосуға Ұлттық және ат спорты ...

    Read More »

    Астанаға жеңіл атлетикадан әлем рекордшылары келе жатыр

    Келесі жылдың 27 қаңтарында Астанада Азия құрлығында алғаш рет жеңіл атлетикадан World Athletics Indoor Tour Gold 2024 аясында Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes  халықаралық турнирі басталады, деп хабарлады olympic.kz. Бұл турнир 23 ақпанда Испанияның Мадрид қаласында аяқталады. Осы аралықта жеті турнир өткізіледі. Тур қорытындысы бойынша әрбір дисциплинадан көп ұпай жинаған спортшы жеңімпаз деп жарияланып, 10 000 АҚШ доллары ...

    Read More »

    Роналду «Әл-Насрға» қатысты ойын айтты

    Футболдан Португалия құрама командасының шабуылшысы Криштиану Роналду Royanews басылымына «Әл-Наср» клубына қатысты алдағы жоспарын айтты. Роналду Сауд Арабиясында өмірінің бір бөлігін өткізіп жатқанына еш өкінбейтінін, керісінше клубқа ертерек ауыспағанына өкінетінін жасырмады. «Әл-Наср» тамаша клуб. Командамызға да ығайлар мен сығайлар жиналған. Осындай жер-жүзінің түкпіртүкпірінен таңдаулы ойыншылар бас қосқан командада ойнап жатқанынам қуаныштымын. Мен осы бір үлкен клубпен үлкен жетістіктерге жеткім келеді. ...

    Read More »

    UFC чемпионы Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке келісімін берді

    Жартылай орта салмақта UFC чемпионы тегі Ямайкадан шыққан ұлыбританиялық Леон Эдвардс келесі қарсыласының атын атады. Ол Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке келісімін берді. 17 желтоқсан Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінде Эдвардс америкалық Колби Ковингтонды (17-4) жеңіп, титулын қорғап қалды. Оның келесі қарсыласы америкалық Белал Мухаммад (23-3) болуы мүмкін. Ал одан кейін ол Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты. Маған десеңіз бар ғой, кіммен ...

    Read More »

    Олимпиадаға дайындық Алматыдан басталады – Мырзағали Айтжанов

    Бокстан Қазақстан командасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов спортшылардың келесі жылға жоспары туралы айтып берді. Ол ұлттық құраманың бірінші және екінші номерлі боксшыларының келесі жылы маңызды жарыстарға қатысатынын, осыған байланысты  команданың жаттығу жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінетінін айтты, деп хабарлады olympic.kz. Қазір команданың біраз мүшесі Ғалым Жарылғаповты еске түсіруге арналған халықаралық турнирге қатысып жатыр. Әлем чемпионы атанған боксшыларымыз жақында «Чемпиондар түні» ...

    Read More »

    Австралия ашық чемпионатына Қазақстаннан 11 теннисші қатысады

    Елімізден Австралия ашық чемпионатына қатысушылар тізіміне 11 теннисші қосылды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жекелей сында негізгі турнирде Елена Рыбакина, Юлия Путинцева мен Александр Бублик өнер көрсетеді. Жұптық сынға Анна Данилина мен Александр Недовесов қатысады. Австралия ашық чемпионатының іріктеу сайыстарында Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев та бақ сынайды. Жасөспірімдер арасында Австралия ашық чемпионатында негізгі жарыста алғаш рет Әмір Омарханов пен ...

    Read More »

    Шымкентте тау шаңғысы курорты салынуы мүмкін

    Шымкентте өткен Creative Shustry of Shymkent 2023 форумында туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев алдағы уақытта қалада тау шаңғысы курорты салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады ведомство. Жиында Ержан Еркінбаев Шымкент қаласының табиғи көрікті жерлерімен, тарихи-мәдени нысандарымен және қаланың дәмді гастрономиясымен үлкен туристік әлеуетке ие екенін атап өтті. Сонымен қатар Ержан Еркінбаев өңірдің мүмкіндіктерін ескере отырып, аймақтағы туризмнің дамуына ...

    Read More »

    Шавкат Рахмонов жеңе алмайтын жалғыз файтерді айтты

    Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC 296 турниріндегі жеңісінен кейін бірнеше мәлімдеме жасап үлгерді. Жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихаты мен одан кейін де болған сұхбаттарда ол БАҚ өкілдері қызыға, жарыса жазатын ойларын айтып, мәлімдеме жасады. Одан сұхбаттың бәрінде америкалық журналистер: «Енді кімді жеңуге болады? Кіммен жекпе-жек қиын?» деп сұраған. Ол сұрақтарға Шавкат Рахмонов еш ойланбастан Нганнумен жекпе-жектің оңай болмайтынын айтып, оны жеңе ...

    Read More »

    Анамды таппайынша, Испанияға бармаймын – анасын іздеген қазақ баласы

    Шетелден елімізге келіп, анасын іздеп жатқан Мұрат есімді (қазіргі құжатында ЭддЖан, – ред.) жас жігіт әлеуметтік желіде көпшілікке жақсы хабар айтты. Бұл жігіттің аты қазақшада әуелі Жәнібек болып таныстырылған еді. Одан кейін құжат бойынша оның аты-жөні Жәнібек Мұратұлы Жұмағұлов деп аталатыны белгілі болды. Бірақ бала осы күнге дейін өзін «Мұрат» деп таныстырып жүр. Эфирде де, сценарийде де Мұрат деп жазыңызшы ...

    Read More »