• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    Экс-ресейлік футболшы Қазақстан құрамасында ойнамауы мүмкін

    Алматыда Қазақстан ұлттық құрама командасының жаттығуы кезінде еліміздің азаматтығын алған Ресейдің экс-футболшысы Александр Зуевтің жарақат алғаны туралы хабар тарады. Meta-rating.kz порталының хабарлауынша, футболшы енді Қазақстан құрамасының алдағы екі ойынына қатыспауы мүмкін. Ол жарақатынан әлі айықпаған Асланбек Дарабаевты алмастыру керек еді. Ұлттық құрама 17 маусымда сырт алаңда Сан-Марино командасымен, одан кейін Белфастта Солтүстік Ирландия жасағымен кездеседі. Александр Зуев маусым айының басында ...

    Read More »

    Мессиді Қытай полициясы ұстады

    Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Қытайдың Бейжің қаласының әуежайында ұсталып, тексеруден кейін жіберілді. Ол Қытайға Аргентина төлқұжатымен емес, Испания төлқұжатымен барған. Сол үшін оны Қытай полицейлері ұстап, тексеруге мәжбүр болды. Месси Аргентина мен Австралия құрамаларының жолдастық матчына қатысуға келген болатын.  Бұл ойын15 маусымға жоспарланған. Ал кеше Аргентина құрамасы ойынға дайындықты бастау үшін Қытайға келді. Сол кезде Лионель Месси Қытайға визасыз ...

    Read More »

    Қазақстан жасөспірімдер құрамалары Молдовамен кездеседі

    Қазақстанның 18 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары оқу-жаттығу жиыны аясында Молдовамен ойнайды. Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, еліміздің 18 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары 9-12 маусым аралығында Талғар базасында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.  Әрі қарай Молдова жасөспірімдер құрамасы және «Шериф» жастар командасымен жолдастық матч өткізу үшін Тираспольге жол тартады. Қазақстан жасөспірімдер құрамаларының аға бапкері Александр Кузнецов алдағы оқу-жаттығу жиынына шақырылған ...

    Read More »

    Зуев – ортаңқол ойыншы. Қазақстанға кетсе, бара берсін. Одан ештеңеміз кетпейді – Мостовой

    Ресей жасөспірімдер құрамасының бұрынғы ойыншысы, «Крылья Советов» клубының жартылай қорғаушысы Александр Зуев Қазақстан азаматтығын алды. Жақында ол ұлттық құрама командаға шақырылды. Ол жарақатынна әлі айықпаған Асланбек Дарабаевты алмастырады. Еліміздің бас командасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиевтің айтуынша, қазір бір ғана Зуев емес, Ресейдің көптеген футболшылары Қазақстанның азаматтығын алып, ұлттық құрамада ойнағысы келіп жүр. Біз әр нәрсені ұлттық құраманың ойыншыларымен ақылдасып шешеміз. ...

    Read More »

    «Рас ақпарат беріңдер»: Месси қай клубқа ауысатынын айтты

    Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси қай клубқа ауысатынын айтты. Ол Mundo Deportivo басылымына берген сұхбатында соңғы кезде болашақ командасына қатысты алып-қашпа әңгіменің болып жатқанын, Испанияның «Барселона» мен Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» командасында ойнамайтынын ескертті. Месси таңдауды АҚШ-тың MLS лигасына жасағанын мәлімдеді. «Барселонаға» қайтып бармаймын. «Әл-Хилал» клубының ұсынысына да келіскен жоқпын. Рас ақпарат беріңдер. Мен «Интер Майамиге» ауысамын. Бұл команда АҚШ-тың MLS лигасында ...

    Read More »

    Қазақстанның ең қымбат футболшыларының тізімі шықты

    ГерманияныңTransfermarkt порталы Қазақстанның ең қымбат футболшыларының тізімін жасады. Transfermarkt-тің мәліметі бойынша еліміздің ең қымбат 10 футболшының тізімін Мәскеудің Әскерилердің спорттағы басты клубында (ЦСКА) ойнайтын Бахтиер Зайнутдинов бастап отыр. Сонымен жақсы табыс табатын қазақстандық футболшылар осылар: 1.Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА) – 5 млн еуро; 2.Нұралы Әліп («Зенит») — 1,2 млн еуро; 3. Александр Меркель (клубсыз) — 1 млн еуро; 4. Марат Быстров ...

    Read More »

    Месси де жаңа клубты таңдап қойды

    Аргентина ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси жаңа команданы таңдады. Ол енді келесі маусымнан бастап Америка Құрама Штаттарының MLS лигасында ойнайтын болады. Месси «Интер Майами» клубын таңдады. Оның бұрынғы клубқа оралатын ойы жоқ сияқты. Ол АҚШ лигасына таңдауын жасады, — деді TNT Sports-тың журналисі Эрнан Кастильо. Қазір MLS лигасында «Интер Майами» турнир кестесінде соңғы орында келеді. Бұл ...

    Read More »

    «Реалдан» тағы бір «Алтын доп» иегері кетіп жатыр

     Мадридтің «Реал» клубынан тағы бір «Алтын доп» иегері кетіп жатыр деген хабар келіп жетті.   Sport24-тің хабарлауынша, Хорватия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы, 2018 жылғы әлемнің үздік футболшысына берілген «Алтын доп» сыйлығының иегері Лука Модрич мадридтік клубтан кетеді. Ол Сауд Арабиясы клубымен келісімшартқа отырады. Келісім үш жылға жасалады. Бірақ Модричтің болашақта қай клубта ойнайтыны әзірге айтылған жоқ. Лука Модрич «Реал» клубында 2012 ...

    Read More »

    Бензема жаңа клубты таңдады

    Испанияның «Реал» (Мадрид) клубының бұрынғы шабуылшысы Карим Бензема жаңа клубты таңдады. Оның таңдауы Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» командасына түсті. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо хабарлады. Оның айтуынша, Карим Бензема жаңа командамен келісімшарттың негізгі құжаттарының жартысына қол қойған. Енді ол 2025 жылдың маусым айына дейін Сауд Арабиясының лигасында ойнайтын болады. Барлық мәселе шешілді. Карим Мадридте жанкүйерлермен қоштасқаннан кейін Араб түбегіне жолға шығады. ...

    Read More »

    Бензема «Реалмен» қоштасады

    Испанияның «Реал» (Мадрид) клубының шабуылшысы Карим Бенземаның командамен қоштасатыны хабарланды. Бұған дейін ол «Реалда» тағы бір маусымға қалатынын айтқан еді. Бірақ клубтан кететіні туралы соңғы шешім шықты. Ол «Реал» сапындағы соңғы матчын Ла Лиганың 38-турында Бильбаоның «Атлетик» командасына қарсы өткізді. Осы ойында шабуылшы пенальтиден гол салып, есепті теңестірді. Осыдан кейін клубтың басшылығы ойыншымен ресми түрде қоштасу рәсімі 6 маусымға жоспарланғанын ...

    Read More »