• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: бокс

    «Ұлы Жібек жолы»: Қазақстан боксшылары жартылай финалға шықты (ВИДЕО)

    Бокстан Әзербайжанның астанасы — Бакуде болып жатқан «Ұлы Жібек жолыһ» халықаралық турнирінде еліміздің бес былғап шебері жартылай финалға шықты. Баку шаршы алаңында Теміртас Жүсіпов (48 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Дархан Дүйсебай (71 кг), Бекзат Таңатар (86 кг) мен Сағындық Тоғамбай (92 кг) ½ финалда рингке көтеріледі. Бүгін кейбір салмақ дәрежелерінде жартылай финал айқастары басталады. Шаршы алаңға Қазақстанның үш боксшысы ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары Литвада 6 алтын медаль алды

    Бокстан Литваның Каунас қаласында Альгирдас Шоцикас атында өткен халықаралық турнирде Қазақстан боксшылары 6 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Сонымен бірге ұлттық құрама 3 күміс және 2 қола медаль иеленді. Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, 57 келіге дейінгі салмақта Асылжан Серікбай украиналық Денис Роздольскиді екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңді. Жандос Қыдырәлиев (63, 5 кг) ирландиялық Паул Хэйл ...

    Read More »

    Бакуде Қамшыбек Қоңқабаев қолғап түйістіреді

    23 наурызда Әзербайжан Республикасының астанасы —  Бакуде «Ұлы жібек жолы» халықаралық турнирі болады. Бір аптаға созылатын жарысқа Қазақстан боксшылары да қатысады, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Оған 10-нан астам елден 100-ден аса боксшы қатысып, күш сынасады. Қазақстан құрамасы 11 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Ұлттық құрама команданың сапында Теміртас Жүсіпов (48 кг), Дамир Әбдіқадыр (51 кг), Тимур Қабешов (54 кг), Талғат ...

    Read More »

    Боксшылар Бранко Пешич мемориалында үздік атанды

    Сербияның астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті. Қазақстан боксшылары 4 алтын мен 4 күміс медаль алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Қазақстанның 8 боксшысы финалда жұдырықтасқан. Олардың төртеуі жеңіп, төртеуі қарсыластарына жол берді. Belgrade winner турнирінде Ернұр Қайрат (48 кг), Санжар Тәшкенбай (51 кг), Дәулет Молдашев (54 кг), Диас Молжігітов (75 кг) ...

    Read More »

    Боксшылар Бранко Пешич мемориалына барды

    Сербияның астанасы – Белград қаласында бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы басталды. Әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысатын халықаралық турнирде Қазақстанның 12 боксшысы бақ сынайды. Турнир 17 наурызға дейін жалғасады, деп хабарлады Қазақстан бокс федерацтясы. Belgrade winner турниріне қатысатын Қазақстан боксшылары: 48 кг: Ернұр Қайрат 51 кг: Санжар Тәшкенбай 54 кг: Дәулет Молдашев 57 кг: Оразбек Асылкулов 60 кг: Бейбарыс Жексен ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары Олимпиадаға бес жолдама алды (ВИДЕО)

    Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік іріктеу турнирі өз мәресіне жетті. Биылғы додаға елімізден 11 боксшы (6 ер, 5 әйел) қатысып, ел намысын қорғады. 11 спортшының бесеуі Олимпиадаға жолдананы жеңіп алды. Ерлер құрамасындағы былғары қолғап шеберлері 22 рет шаршы алаңға шығып, соның біреуінде ғана жеңілді. Өкінішке қарай, 63,5 келі салмақтағы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қарысласына есе жіберіп алды. Ал басқалары, атап айтқанда ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары жеті жолдама үшін күш сынасады (ВИДЕО)

    Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде ұлттық құраманың жеті спортшысы Париж Олимпиадасының лицензиясы үшін күш сынасады. Қазақстан уақытымен сағат 17:30-де 92 келі салмақтағы Айбек Оралбай АҚШ-тың боксшысы Жамар Таллеймен күш сынасады. Сағат 19:30-да әйелдер жекпе-жегінде Валентина Хальзова мен Кинди Нгамба (Ұлыбритания) шаршы алаңға шығады. Олар 75 келіде қолғап түйістіреді. Нгамба былтырғы жылға дейін босқындар құрамасында жұдырықтасып келген. ...

    Read More »

    Лицензиялық турнир: Қазақстан боксшылары ширек финалға шықты (ВИДЕО)

    Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде еліміздің бірнеше боксшысы ширек финалға шығып, Олимпиада жолдамасын алуға жақын қалды. Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде еліміздің бірнеше боксшысы ширек финалға шығып, Олимпиада жолдамасын алуға жақын қалды. Кеше әлем чемпионатының екі мәрте жүлдегері Алуа Балқыбекова Оңтүстік Кореяның жас боксшысы Чон Джухёнмен кездесіп, оны 4:1 есебімен жеңді. Жекпе-жекте Балқыбекова алға ...

    Read More »

    Лицензиялық турнир: Айбек Оралбай шаршы алаңда атой салып жүр

    Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында жалауын көтерген лицензиялық турнирде Қазақстан боксшыларының алды ширек финалға шығып үлгерді. Солардың арасында көптен бері халықаралық аренаға шыға алмай жүрген 92 келі салмақтағы Айбек Оралбай алдына келген қарсыластарын құлатып, ширек финалға шықты. Ол 1/8 финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, тәжірибелі эквадорлық былғары қолғап иесі Хулио Кастильо Торрестен айқын басымдылығын танытып, 5:0 есебімен женді. Осы жекпе-жектік алдында ...

    Read More »

    Лицензиялық турнир: Қазақстан боксшылары келесі айналымға шықты

    Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде 51 келіде сынға түсіп жатқан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов пен 92 келідегі Айбек Оралбай жеңіске жетті. Бибосынов 1/16 финалда Кения спортшысы Дэвид Каранжа Мачарияны төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді. Қазақ боксшысы бірінші раундтан бастап тізгінді уысында ұстап, қарсыласын оңай жеңгенмен, жекпе-жекте қателіктің болғанын жасырмады. Ауыр салмақтағы боксшымыз Айбек Оралбай да лицензиялық турнирді жақсы бастады. Ол ...

    Read More »