• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: бокс

    Странджа турнирі: Қазақстанның 6 боксшысы жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Болгарияның астанасы -София қаласында қалыптасқан дәстүр бойыншы жылдың осы мезгілінде боксшылардың Странджа кубогы жолындағы турнирі болады. Биыл да бұл жарыс 4 ақпанда 75-рет жалауын көтерді. Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, 12 ақпанға дейін болатын дүрмекті додаға елімізден 10 салмақ бойынша былғары қолғап иелері қатысып жатыр. Жалпы, халықаралық турнирге әлемнің 28 елінен 178 спортшысы қатысуда. Турнирге ұлттық құраманы бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары Boxam Elite-2024 турнирін жеңіп алды

    Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite-2024 турнирінде екі алтын медальді жеңіп алды. 52 келіге дейінгі салмақта Жазира Орақбаева мен 81 келіден аса салмақта күш сынасқан  Ләззәт Күнгейбаева жеңімпаз атанды. Жарыстың финалына Қазақстаннан 9 боксшы шығып, оның жетеуі шешуші айқаста қарсыластарынан жеңіліп қалды.  Олар – Әйгерім Сатыбаева (48 кг), Назым Қызайбай (50 кг), Әнел Сақыш (54 кг), ...

    Read More »

    Боксшылар Иштван Бочкай турнирінде бес алтын жүлде алды

    Өткен аптада Қазақстан спортшылары Кореяның Канвон провинциясында басталған жасөспірімдер Олимпиадасынан бөлек, алты халықаралық турнирге қатысып, бәрінде жүлделе орындарды иеленіп қайтты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Мажарстанның Дебрецен қаласында бокстан Иштван Бочкай атындағы мемориал аяқталып, былғары қолғап шеберлер бес алтын медаль жеңіп алды. Бұл сында Асхат Жүсіпов (48 кг), Асылжан Серікбай (57 кг), Бeйбарыс Жексен (60 кг), Ертуған Зейнуллинов (63,5 ...

    Read More »

    Төрешілер қазақ боксшысының жеңісін тартып алды (ВИДЕО)

    Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қытай қазағы Ұлан Төлеуғазы өзбекстандық боксшы Олимжон Назаровты нокдаунға түсіргенімен жеңіліп қалды. Қытай қазағы Ұлан Төлеуғазы жекпе-жектің алтыншы раундында өзбестандық боксшыны нокдаунға жіберген болатын. Алайда жекпе-жек төрешілердің шешімімен Өзбекстанның былғары қолғап шеберінің пайдасына шешілді. Олимжон Назаров 96:93, 97:92, 94:95 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Назаров ең жеңіл салмақта WBO Oriental белбеуін қорғап ...

    Read More »

    Рақымжан Ерденбеков Кәсіпқой бокс федерациясының президенті болды (ФОТО)

    Рақымжан Ерденбеков Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі. Алматы қаласында Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының (ҚКБФ) 8-ші есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Іс-шарада бұған дейін федерацияны басқарған Виктор Демьяненко енді президенттің кеңесшісі қызметін атқаратын болып шешілді. Сондай-ақ, Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті қызметіне Сурен Тоноян мен Данияр Жылқыбаев сайланды. Қазақстан кәсіпқой бокс федерация комиссиясының құрамы да ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары Әзербайжанда 16 медаль жеңіп алды

    Әуесқой бокс: Отандық боксшылар Әзербайжанның Баку қаласында өткен Аббас Агаларовты еске түсіруге арналған халықаралық турнирге қатысып, 16 медаль жеңіп алды. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Сауд Арабиясы және Еуропалық бокс конфедерациясынан келген 97 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Қазақстан боксшылары 4 алтын, 5 күміс және 7 қола жүлдені иеленді. Садақ ату: Грузияның ...

    Read More »

    Боксшылар «Странджа» турниріне қатысады (ВИДЕО)

    2-12 ақпан аралығында Болгарияның астанасы-  Софияда бокстан дәстүрлі «Странджа» турнирі өтеді. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады. Биыл бұл турнир осымен 75 рет жалауын көтереді. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов турнирге қатысатын былғары қолғап шеберлерінің тізімін атады. Олардың арасында жақында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу үшін әскер қатарына алынған 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қолғап түйістіріп жүрген әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да ...

    Read More »

     «Канелоны» бір раундта үш рет құлатуға болады – Жәнібек Әлімханұлы (ВИДЕО)

    Кәсіпқой бокстан WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Qazaqstan телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында атақты мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жекке шықса, бір раундта үш рет құлата алатынын айтып қалды. Біз алғаш рет АҚШ-қа 2018 жылы барып, келісімшарт жасастық. Біз алдымызға айқын мақсат қойдық. Біздің басты мақсатымыз әлем чемпионы болу еді. Сол мақсатқа ...

    Read More »

    Бокстан америкалық әлем чемпионы Ислам дінін қабылдады (ВИДЕО)

    WBA тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта және жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Джервонта Дэвис Ислам дінін қабылдады. Ол 2013 жыл әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа аууысқан. Сол кезден бері шаршы алаңда ешкімнен ешқашан жеңіліп көрмеген. 2017 жылы алғаш рет 59 кг салмаққа дейінгілер арасында IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған. 2019 жылы 61,5 кг салмақта WBA тұжырымы бойынша дүниежүзінің ең ...

    Read More »

    Атақты боксшы Серік Нұрқазов табылмай жатыр

    Атақты боксшы Серік Нұрқазовтың хабар-ошарсыз кеткені туралы мәлімет шықты.  Бұл туралы «Қоғам» жедел әрекет ету жасағының Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Серік Нұрқазов 1959 жылы 4 қазанда туған. 2023 жылы 14 желтоқсанда Луганский көшесінде орналасқан үйінен шығып, сол күйін үйіне қайтып келмеген. Ол сұр бас киім киген. Үстінде капюшоны бар көк күрте, ақ жемпір, қара джинсы болған. Серік Нұрқазовтың шашы ақ,  сақалы ...

    Read More »