• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: турнир

    Дзюдодан Гран-при турнирі: Аман Бақытжан — күміс жүлдегер!

    Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Аман Бақытжан Хорватияның Загребте қаласында өтіп жатқан Гран-придің финалында күміс жүлдені қанағат тұтты. Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың финалында Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ян Юн Вэймен (Қытайлық Тайбэй) бақ сынады. Белдесуде Аман Бақытжан қарсыласына жол берді. Осылайша ол Қазақстан құрамасының қоржынына екінші күміс медальді салды. Бұған дейін Ғалия Тыңбаева (48 келі) күміс жүлдеге ие болған еді. ...

    Read More »

    Көзден кетсе де көңілден кетпейді

    Ел үшін еткен еңбек ешқашан елеусіз қалмайды. Әрбір салада өз ісіне адал, еңбекқор жандар әрқашанда көпшіліктің алғысына бөленіп, өз ортасына қадірлі болады. Ал спорт саласына келсек, өз ісінің маманы болып бар ғұмырын спортқа арнап жемісін, жетістігін көрген адамдарды көріп тәнті боларымыз анық. Сондай жанның бірі және бірегейі марқұм Амангелді Исмағұлов еді.  Амангелді Смағұлұлы 1941 жылы Орал облысы, Қаратөбе ауданы Сұлукөл ...

    Read More »

    Каратэші Мөлдір Жаңбырбай мен Софья Берульцева жеңімпаз атанды

    Бүгін Ресей Федерациясының астанасы Мәскеуде WKF каратэден V Moscow Karate Universe халықаралық жарысы аяқталды, деп хабарлайды SportPress.kz. Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының мәліметіне қарағанда, Қазақстан командасы жарыс нәтижесінде 2 алтын, 4 қола медаль алып, жалпы есепте екінші орынға тұрақтады. Каратэден қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай кумите бағдарламасында 50 кг дейінгі ...

    Read More »

    Батырдың рухына арналған белдесу

    Биыл қазақ күресінен жасөспірімдер арасында батыр бабамыз Райымбек Хангелдіұлы атындағы дәстүрлі респбликалық жарыс 25-рет ұйымдастырылды. Бұл жарыс қазақ күресінің елімізде дамуына зор үлесін қосып келген тартысты доданың бірі болып саналады. Төл күресімізден бүгінде әлем, Азия чемпионаттарында ел намысын қорғап жүрген көптеген балуан осы жарыста күресіп, есімдері елге танылған десе артық болмас. Қазақтың сахара кең даласы қаншама тарихты қойнына құшып жатыр ...

    Read More »

    Елена Рыбакина елге келе жатыр

    Теннистен әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Астана мен Алматы қалаларына барып, жас спортшыларға шеберлік сабақтарын береді. Рыбакина елде бір апта болады. Осы уақытта ол балаларға шеберлік сабақтарын беріп, өз тәжірибесімен бөліседі. Содан кейін  жанкүйерлермен кездеседі. Сонымен қатар, спортшы Цинциннатиде өткен WTA 1000 санатындағы турнирде алған Ахилл сіңірінің жарақатына байланысты медициналық тексеруден өтеді. Дәл осы жарақаттың салдарынан теннисші аталған турнирдің ширек ...

    Read More »

    Салауатты өмірдің жаршысы

    (Қазақ спорт журналистикасының құлагері Әлім Анапьянов жетпіс жаста) Жақсы адам жарық шам секілді, айналасына жарық беріп тұратын. Жақсы адамдармен кездескенде басыңдағы бар мәселеңді кейін ысырып қойып, жақсының айтқан ғибрат сөздерінен ұйып тыңдап, жаңыңа шипа алғандай боласың. Сонымен қатар өмірге деген құлшынысың артып, бойыңа шабыт пайда болады. Міне, сондай жанның бірі Әлім Ілиясұлы Анапьянов. Әлім ағамыз ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай, ...

    Read More »

    Рыбакина Торонто турнирінен қанша ақша тапты?

    Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына шыққаны үшін қомақты сыйақы алды, деп хабарлайды Egemen.kz. Теннисші финалда Польшаның спортшысы Ига Швёнтектен 0:2 есебімен (2:6, 3:6) есе жіберді. Солай болса да ол жарыстың соңғы ойынына шығып, финалист атанғаны үшін 564 920 доллар (262,8 миллион теңге) сыйақы алды. Финал 13 тамыздан 14 ...

    Read More »

    Cairns Cup 2026: Бибісара Асаубаева алғашқы жеңісіне жетті

    Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан Cairns Cup 2026 турнирінде алғашқы жеңісіне жетіп, көшбасшылар қатарына қосылды.   4-турда шахматшы ақ фигуралармен ойнап, Швейцария атынан өнер көрсететін экс-әлем чемпионы Александра Костенюкті 23 жүрісте жеңді. Бұл — Асаубаеваның турнирдегі алғашқы жеңісі. Алғашқы үш турда отандасымыз Украинаның өкілі Анна Музычукпен, үнді Рамешбабу Вайшалимен және америкалық Элис Лимен тең түскен. Төрт турдан кейін Асаубаева ...

    Read More »

    Қазақ журналисі Baku Media Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанды

    Баку қаласында Әзербайжан Республикасы Жастар және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында үстел теннисінен халықаралық Baku Media Open-2026 турнирі болды. Оған Әзербайжан, Қазақстан, Түркия мен Грузиядан 50-ге жуық танымал БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлады SportPress.kz. Қазақстан атынан белгілі спорт журналисі, Beksports.kz порталының бас редакторы Бек Төлеуов, «Қазақстан тарихы» порталының жетекшісі Алтынбек Құмырзақ пен тележурналист Қырмызы Жандос ел намысын қорғады. Турнирдің қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы жарыста ...

    Read More »

    Жұмыры бардың ғұмыры бар

    “Адам денесінің жетілуі — оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болса, онда денді сауықтыру керек”, -деп денсаулықтың қадірі туралы ұлы шығыстың ойшылы Әл-Фараби асқан білгірлікпен айтқан екен. Спорт оптимистік өмірмен, сергектік мәдениетін қалыптастыратын болса, осы бір қамшының сабындай қысқа уақытта, дене қимылын арттырып, қозғалысты күшейткенде ғана өмірге деген сүйспеншілік арта түседі деп ойлаймыз. Әрине, үлкен ...

    Read More »