Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл шешімді даңқты спортшының әлемдік боксты дамытуға қосқан үлесінің, кәсібилігі мен мінсіз абырой-беделінің мойындалғаны деп бағалады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. – Сіз әлемдік спорттың дамуына зор үлес қостыңыз. Қазақ бокс мектебінің бай дәстүрін лайықты деңгейде танытып, дүние жүзінің елімізді бокс державасы ретінде мойындауына ықпал еттіңіз. Өмір жолыңыз көптеген ...
Read More »Tag Archives: Геннадий Головкин
«Бокс — тек шаршы алаңда емес, одан тыс жерде де күресетін спорт түрі»: Головкин БАҚ өкілінің сұрақтарына жауап берді
Геннадий Головкин Италияның Рим қаласында өткен Конгресте World Boxing федерациясының президенті болып сайланды. Осылайша Қазақстан тарихында халықаралық спорт федерациясын басқарып отырған алғашқы Қазақстан азаматы атанды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Tengrinews.kz сайтына сұхбатында World Boxing басшысы жаңа қызметін Қазақстан Ұлттық Олимпиялық комитетіндегі жұмыспен үйлестіру жайлы, сондай-ақ әуесқой боксқа оралуының себептері мен жаңа лауазымдағы негізгі бағыттары туралы айтып берді. – Геннадий ...
Read More »Геннадий Головкин World Boxing президенті болып сайланды
Геннадий Головкин Италияның Рим қаласында өткен конгресте Халықаралық World Boxing федерациясының президенті болып сайланды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиялық комитет хабарлады. Ол халықаралық спорт федерациясын басқарып отырған алғашқы Қазақстан азаматы ретінде тарихқа енді. Өкілеттік мерзімі — үш жыл. -Мен боксқа қатысты жолдың барлық кезеңінен өттім. Спортшы болып, Олимпиялық ойындарда ел намысын қорғадым. Кейін әлем чемпионы атандым. Енді міне, спорт саласында көшбасшы ...
Read More »Бокстан биылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының салмақ дәрежелері бекітілді
Биыл Бахрейнде жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары жалауын көтереді. Осы дүрмекті доданың алдында бокс жекпе-жектерінің салмақ дәрежелері ресми түрде бекітілді. Қазақстан бокс федерациясының мәліметіне қарағанда, жекпе-жектер Exhibition World Bahrain көрме орталығында болады. Оған 2009–2010 жылы туған ұлдар мен қыздар қатысып, 14 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады. Ұлдар: 46 келі, 50 келі, 54 келі, 60 келі, 66 келіге 75 келіге дейін және ...
Read More »Головкин ХОК комиссиясының құрамына кірді
Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық Олимпиада комитеті Olympism 365 комисиясының мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлады Olympic.kz. Бұл туралы ХОК президенті Томас Бах Қазақстан ҰОК-ке ресми хат жазып, хабардар етті. Сізді комиссия мүшесі етіп тағайындау мен үшін үлкен мәртебе. Сізге комиссия жұмысына қосатын үлкен үлесіңіз үшін алдын ала алғыс білдіремін, – делінген хатта. Комиссияларды ХОК президенті Томас Бах жасақтайды. ...
Read More »ХОК Головкинге қолдау көрсететінін айтты
Бүгін Швейцарияның Лозанна қаласында Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Халықаралық Олимпиада комитетіне ресми іс-сапары аяқталды, деп хабарлады Olympic.kz. Сапардың соңғы күні ҰОК президенті Геннадий Головкин бастаған делегация ХОК басшысы Томас Бахпен кездесті. Кездесуде Қазақстан мен ХОК арасындағы әріптестікті нығайту мәселесі әңгіме болды. Бах ҰОК президенті Геннадий Головкинді жауапты қызметке сайлануымен құттықтап, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа басшылығына ХОК қолдау көрсететінін айтты. ...
Read More »Головкин ХОК басшылығымен кездеседі
Геннадий Головкин бастаған Қазақстан Ұлттық Олимпиялық комитетінің делегациясы Швейцарияның Лозанна қаласына барды, деп хабарлады Olympic.kz. Бұл жерде ҰОК делагациясы Халықаралық Олимпиада комитеттің басшылығымен кездеседі. Кездесуде халықаралық спорттық байланыстарды нығайтып, Қазақстандағы Олимпиялық қозғалысты бірігіп дамыту мәселесі қаралады, — делінген хабарламада. Бүгін ҰОК бас хатшысы Жанар Өтешева мен ҰОК бас директоры Нұрлан Нөгербек бастаған делегация Халықаралық Олимпиада комитеттің штаб-пәтері саналатын Лозаннадағы Олимпиялық ...
Read More »Геннадий Головкин ҰОК президенті болып сайланды (ВИДЕО)
Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. Қоғамдық бірлестіктің басшысын сайлау жабық есік жағдайында болды. Оған БАҚ шақырылмады. Бүгін Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас Ассамблеясының кезектен тыс отырысында ұйымның президенті мен басқа да басқару органдарының сайлауы болды. Ұйымды 2015 жылдан бері басқарған Тимур Құлыбаев өз өкілеттігін аяқтады. Қазақстан ҰОК жаңа басшысы ...
Read More »Мен қарсымын!
Бүгінде Қазақстанда Үкімет ауысқаны жөніндегі әңгіме гу-гу талқыланып жатса, сонымен қатар, «ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне Геннадий Головкин басшы боп келеді екен» деген алыпқашпа сөз Астанадағы қарлы борандай ұлып тұр. Бұл әңгімені кімнің таратқанын білмеймін, егер рас болса, МЕН ОҒАН ҚАРСЫМЫН!!! Головкиннің спорттағы табыстарын бір адамдай-ақ білемін. Оның сонау 2004 жылы Афина Олимпиадасының финалында шайқасқанын түбінде отырып көргенмін, одан бөлек, АҚШ-та ...
Read More »Жасанды интеллект Головкин-Канело жекпе-жегінің жеңімпазын анықтады (ВИДЕО)
Жасанды интеллекттің Deep Strike құралы Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварестің арасындағы алғашқы жекпе-жектің жеңімпазын анықтады, деп хабарлады Bassport.kz. Бұл жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйек айында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында болған еді. Ол 12 раундқа созылды. Оның қорытындысы бойынша жекпе-жек тең аяқталды. Төрешілер Канелоның пайдасына 118:110, Головкиннің пайдасына 115:113 есеп берді. Сөйтіп, реферилердің шешімімен есеп 114:114 болды. Deep Strike талдауына қарағанда, Головкин ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары