• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Олимпиада чемпионы

    Басқа спортшылардың жеңілісіне біз кінәлі емеспіз — Шайдоровтың жаттықтырушысы (ВИДЕО)

    Спорт журналисі Ақырыс Сейітқазы жас талант Михаил Шайдоровтың мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған кезде оның жаттықтырушысы Алексей Урмановқа видеоқоңырау соғып, әңгімелескен екен. Оны әріптесіміз бүгін Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады SportPress.kz -Милан уақыты  түнге жақындап, бізде түн ортасы болғанда Шайдоровты Олимп шыңына жетелеген бапкер, даңқты спортшы, Олимпиада  чемпионы Алексей Урмановпен видеоқоңырау арқылы тілдестім. Спорт әлеміндегі аңыз адамдардың бірі болғандықтан, қобалжығаным ...

    Read More »

    Михаил Шайдоров – Олимпия ойындарының чемпионы!

    Бүгін түнде Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпия ойындарынан қуанышты хабар келіп жетті. Мұнда мәнерлеп сырғанаудан еркін бағдарламада ерлер арасында өткен жекелей бәсекеде 21 жастағы жас таант Михаил Шайдоров жарыс жолына шығып, Олимпиада чемпионы атанды. Ол қазақтың әлемге әйгілі әншісі Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Confessa» мен «The Diva Dance» әнін таңдап, мұз айдында еркін көсілді.  Жас талант ...

    Read More »

    Косоволық қыздар тағы да Олимпиада чемпионы атағына үмітті

    Жұрттың қыздары не жеп, Олимпиада чемпионы болады, осы. Былтыр Астанаға жарысқа келген косоволық Нора Гяковамен сөйлесіп, жақын таныстым. 31 жастағы Нора Гякова – дзюдодан Токио Олимпиадасының чемпионы. Әлем чемпионатында қола және Еуропа чемпионатында 1 алтын, 4 қола медальді алған. Еуропа ойындарында 1 күміс пен 1 қола жүлдесі және бар. Косово Жапонияда өткен Олимпиадаға екі-ақ спортшы жіберген. Дистрия Красники мен Нора ...

    Read More »

    Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов жеке заттарын музейге тапсырды

    Еліміз тәуелсіздігін жариялап, қысқы спорттан Олимпиадаға алғаш рет қатысқан кезде Олимпиада чемпионы атанған шаңғышы Владимир Президент орталығындағы Қазақстан спортының Даңқ музейіне жеке заттарын тарту етті. Ол 1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен XVII қысқы Олимпиадада 50 шақырымдық(классикалық стиль) жарыста чемпион атанған еді. Бұл біздің егемен ел ретінде барған алғашқы Олимпиялық ойындарымыз, бірінші алтын жүлдеміз болатын. Өзімді сол үшін мақтан тұтамын. ...

    Read More »

    Бақтияр Артаевқа Вэл Баркер кубогы қайтарылады

    Жағымды жаңалық жетті. Көптен күткен жаңалық. Бақтияр Артаевқа алдағы айда Вел Баркер кубогы табыс етіледі. Дәл қазір оның дубликаты дайындалып жатыр. Естеріңізде болса, 2021 жылы Сербиядағы әлем чемпионатында Бақтияр Артаев осы жүлдесін ресми түрде Халықаралық бокс федерациясына тапсырған болатын. Сол кезде оған өте сапалы көшірмесі жасалып, өзіне берілетіні айтылды. Міне, сол уәде араға ұзақ уақыт салып, енді орындалайын деп жатыр. ...

    Read More »

    Сәпиевпен ұстасқан балуан колледжден шығарылды – боксшы Сатыбалдинова

    Batyrball турнирінде бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен ұстасып қалған балуан Зелимхан Мусиханов колледжден шығарылған. Бұл туралы боксшы Аида Сатыбалдинова Instagram-парақшасында айтты. Оның айтуынша, балуанның спорт колледжін бітіруіне екі ай қалған. Сонымен бірге әлі расталмаған ақпарат бойынша, Мусихановтың туыстары да жұмыстан қуылған. Олимпиада чемпионы мен Зелимхан Мусихановтың төбелесін бәріміз көрдік. Жігіттер қол алысып, жанжал сонымен бітті деп ойлап едік. Алайда олай емес ...

    Read More »

    Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы көз жұмды

    Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, баскетболдан аты аңызға айналған КСРО ұлттық құрамасының мүшесі Әлжан Жармұхамедов өмірден өтті. Бұл туралы ЦСКА баскетбол клубының ресми сайтында жарияланды. ЦСКА мен ұлттық құраманың тамаша ойыншысы Әлжан Жармұхамедов дүниеден өтті. Аты аңызға айналған «Түркістан жыланы» 78 жаста еді, — делінген хабарламада. Әлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедов – қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, 9 дүркін КСРО чемпионы (1970-1978 ...

    Read More »

    Жақсылықтың қазасы – қазақ қоғамының қабырғасын қайыстырды

    Артық айтты демеңіздер, кеше «Жақсылық қайтыс болыпты!» дегенді естігенде менің өз басымның өмір сүріп жатқан кеңістігім күл-парша болып күйреп түскендей болды! Сонау оттай қызу шағымда спорт атты өнерді таңдап алып, содан бергі 45 жылда (!) әр сағат, әр күнімді Жақсылықсыз өткізбегендіктен бе, Жеңіс, Чемпион атақтарын Жақсылықсыз тойламағандықтан ба, жеңіліс пен сәтсіздікті Жақсылықсыз жүректен өткізбегесін бе, оның ұлы табиғаты менің кеудеме ...

    Read More »

    Ақтөбеден шыққан Олимпиада чемпионын неге ұмытып жүрміз?

    Көзі қарақты жанкүйер, оның ішінде үлкендер болмаса, қазіргі жастар жағы аты аңызға айналған спортшы Валерий Люкиннің Ақтөбе қаласында туып-өскенін біле бермейді. Бүгін сол олқылықтың орынын толтыру мақсатында Ақтөбеден шығып, азулы АҚШ секілді алпауыт елді мойындатқан Валерий Викторұлы туралы жастар біліп жүрсін деген ниетпен оқырманға шағын ақпарат бере кеткенді жөн көріп отырмыз. Валерий  Люкин – спорттық гимнастикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы ...

    Read More »

    Еңбегі ерен Жақсылық немесе осыдан үш ай бұрын жазылған мақала

    Биыл күзде боз кілем мен бизнесте абыройға бөленген Жақсылық Үшкемпіровты көп болып жұмылып, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ұсынсақ, деген ыңғайда мақала дайындап, Жақсылық ағаның өзіне хабарласқан едім. Аға болса: «қоя тұрайық, бір бұйырғаны болар», деп тоқтатқан еді. Кеше Еңбек Ерінің алтын жұлдызын өңіріне қадаған Үшкемпіровке қатысты сол жазбаны фейсбукке жариялағанды жөн көрдім. «Мемлекеттің туы екі жағдайда ғана арнайы көтеріледі. Ел ...

    Read More »