• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Универсиада

    Универсиада: Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті

    Бүгін АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы универсиадада Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. Тұғырдан секіру жарысында Данил Васильев қарсылас шақ келтірмей, универсиаданың чемпионы атанды. Отандасымыз кіші трамплинде (К-90) 257.3 ұпай жинады. Алғашқы мүмкіндігінде 127.2 балл, ал финалда 130.1 ұпайға ие болды. Қалған қос медаль австриялық атлеттің еншісінде. Күміс жүлде Максимилиан Линерге, қола медаль Тимон Паскаль Кахоферге бұйырды. ...

    Read More »

    Универсиада: Қазақстан құрамасы тоғызыншы орында тұр

    Қысқы универсиадада төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде тоғызыншы орынға жайғасты. 14 қаңтарда АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан додада биатлоншы Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиған еді. 15 қаңтарда отандастарымыз жүлдеге іліге алған жоқ. Әзірге бір алтын жүлдемен Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде тоғызыншы орынды Эстониямен бөлісіп тұр. Әзірше жүлдеге іліккен 15 құрама бар. Көш ...

    Read More »

    Универсиадада Қазақстан хоккейшілері Ұлыбританияны ойсырата ұтты

    Хоккейден Қазақстанның студенттер құрамасы АҚШ+тың Лейк-Плэсиде қаласында өтіп жатқан қысқы универсиадада Ұлыбритания командасымен кездесіп, 15:1 есебімен жеңіске жетті. Матчта бірінші болып Батырлан Мұратов есеп ашты. Одан кейін Ұлыбританияның хоккейшісі Сэмюэл Роджерс есепті теңестірді. Есеп теңескен соң, Қазақстан құрамасы бірінші  үзіліске дейін 5 шайба салып алға шықты. Мұнда Батырлан Мұратов дубль жасаса, Максим Мұхаметов, Всеволод Логвин, Иван Гавриленко мен Артем Королев ...

    Read More »

    Қысқы универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

    Биатлоншы Вадим Куралес АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы универсиаданың чемпионы атанды. Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиды. Жарыс жолына 16-болып шыққан Вадим нысана көздеуден бір ғана рет (0+1+0+0) мүлт кетіп, 42:37.4 минут нәтиже көрсетті. Норвегиялық биатлоншы Эрьян Мосенг отандасымыздан 42,6 секундқа қалып қойып, екінші орынға ие болды. Франциялық Аксель Гарнье (+1:16.5) үздік үштікті ...

    Read More »

    Қазақстан хоккейшілері универсиаданы жеңіспен бастады

    АҚШ-тағы Лейк-Плэсид қаласында басталған қысқы универсиада Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея командасымен кездесіп, қарсыластарын 5:1 есебімен жеңді. Қазақстан құрамасында шайбаларды Алдияр Нұрлан (6-минут), Максим Мусоров (26-минут), Кирилл Полохов (35 және 37-минут) пен Максим Мұхаметов (39-минут) соқты. Оңтүстік Корея құрамасында Мин Джэ Чан (21-минут) қақпаны дәл көздеді. Универсиадада Қазақстан құрамасы Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ құрамаларымен топта өнер көрсетеді. Топтан бірінші және ...

    Read More »

    Универсиада: Қазақстанның қарсыластары анықталды

    Хоккейден Қазақстан ұлттық құрама командасының 2023 жылы Қысқы Универсиададағы қарсыластары белгілі болды. Студенттер ойындары АҚШ-тың Лэйк-Плэси қаласында қаңтар айының 12-22 аралығында өтеді. Қазақстан командасы Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ ойыншыларымен кездеседі. Екінші топта Швеция, Чехия, Канада, Украина, Латвия және Жапония хоккейшелері өзара мықтыны анықтайды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »