• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Футбол

    Еуропа чемпионатының талисманы таныстырылды

    Еуропа футбол қауымдастығы (УЕФА) 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатының талисманын таныстыру рәсімін өткізді. Еуропа чемпионатының маскоты ретінде таңдалған қонжық Гельзенкирзен қаласындағы мектептердің бірінде таныстырылды. Қонжықтың Еуро-2024 турнирінің ресми талисманы ретінде таңдап алынуына осы ойыншықтың алғаш рет ХХ ғасырдың басында Германияда шығуы себеп болған екен. Енді алдағы екі аптада жанкүйерлер УЕФА ресми сайтында қонжыққа ат таңдайды. Ұсынылған төрт нұсқада да ...

    Read More »

    Қазақ еліне жеңіс сыйлау біз үшін мәртебе – ұлттық құраманың ойыншылары (ВИДЕО)

    Бүгін түнде Белфаст қаласында 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының турнирінің іріктеу матчында футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландия құрамасын 1:0 есебімен ұтып, Н тобындағы турнир кестесінде екінші орынға шықты. Ойынның 87-минутында алаңға шыққанына көп уақыт бола қоймаған шабуылшы Абат Айымбетов ұлттық құрама сапындағы сегізінші голын салып, Қазақстан құрамасы жеңіс сыйлады. Ол осымен биылғы матчтарда ұлттық құрамаға екінші рет жеңіс голын салып ...

    Read More »

    EURO-2024: Қазақстан құрамасы қатарынан үш матчта жеңіске жетті

    Футболдан 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы төртінші матчында сырт алаңда Солтүстік Ирландия командасымен кездесті. Матчта Қазақстан құрамасы алаң иелерін 1:0 есебімен ұтып, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Матчтың 88-минутында Абат Айымбетов ұлттық құрама сапындағы сегізінші голын салып, Қазақстан құрамасы жеңіс сыйлады. Одан басқа H тобында Финляндия құрамасы Сан-Мариноны 6:0 есебімен жеңсе, Словения мен Дания құрамалары ...

    Read More »

    Ұпай алып, жанкүйерлерді қуантамыз! – Абат Айымбетов

    Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Белфаст қаласында Солтүстік Ирландиямен матчтың алдында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді:  — Солтүстік Ирландия құрамасының бас жаттықтырушысы Майкл О’Нил Қазақстан ойыншыларының аса танымал емес, сол себепті олар туралы бірдеңе айту қиын екенін айтыпты. Оның сөзіне не айтасыз? Бұл біздің командаға басымдық бере ме? — Мен ол туралы ештеңе айта алмаймын. Не десе о десін. ...

    Read More »

    Ақтауда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлады

    Маңғыстау облыстық балалар ауруханасыда үстіне металлдан жасалған футбол қақпасы құлап, содан жарақат алған 16 жастағы жасөспірім ес-түссіз жаттыр. Оның үстіне қақпа 20 мамырда құлаған екен. Сол кезде дәрігерлер Дәрігерлер оған ми жарақаты мен мидың шайқалуы диагнозын қойды, деп хабарлады Lada.kz. Lada.kz-тің хабарлауынша,24 мамырда кешке баланың анасы ауруханаға келген. Дәрігерлердің оны бес-жеті күн емдеу керек деп ескерткеніне қарамастан, ол қолхат жазып, ...

    Read More »

    Месси де жаңа клубты таңдап қойды

    Аргентина ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси жаңа команданы таңдады. Ол енді келесі маусымнан бастап Америка Құрама Штаттарының MLS лигасында ойнайтын болады. Месси «Интер Майами» клубын таңдады. Оның бұрынғы клубқа оралатын ойы жоқ сияқты. Ол АҚШ лигасына таңдауын жасады, — деді TNT Sports-тың журналисі Эрнан Кастильо. Қазір MLS лигасында «Интер Майами» турнир кестесінде соңғы орында келеді. Бұл ...

    Read More »

    Түркіменстанда «Аркадаг» клубына құраманың 17 ойыншысы алынды

    Түрікменстанда жаңадан құрылып, бірден йокары (жоғары) лигадан орын алған «Аркадаг» футбол клубына қатарын ел құрамасының ойыншыларымен толтырды. Бұл туралы «Хроника Туркменистана» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлады. «Фергана» ақпарат басылымының жазуынша, жаңа пайда болған «Аркадаг» клубында Орталық Азия чемпионатына қатысу үшін Түрікменстан құрамасына шақырылған 25 футболшының 17-сі, яғни 68 пайызы ойнайды. Команда басшылары тек құраманың қазір Сянганьның (Гонконг) «Китчи» командасында ойнап жүрген лидері Руслан ...

    Read More »

    Футболдан U-23 Азия кубогының іріктеу ойындары өтеді

    Азия футбол конфедерациясы 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия кубогының іріктеу кезеңін қабылдайтын елдердің тізімін жариялады. Өзбекстан Олимпиада құрамасының топтық кездесулері 4-12 қыркүйек аралығында Өзбекстан футбол алаңдарында өтеді. AFC U-23 Asian Cup Qatar 2024 топтық кезеңінің іріктеу ойындары Бахрейн, Қытай, Индонезия, Иордания, Оңтүстік Корея, Кувейт, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Таиланд Өзбекстан және Вьетнам елдерінде ұйымдастырылады. Іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі осы ...

    Read More »

    Футболдан Азия кубогының жеребесі тартылды

    Футболдан Азия кубогы-2023 жарысының топтық кезеңінің жеребесі тартылды. Азия кубогы-2023 турнирі 2024 жылдың 12 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында Катарда өтеді. Турнир әуелі биылғы жылдың маусым және шілде айларында Қытайда өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты Қытай турнирді өткізуден бас тартты. Сонымен жеребе қорытындысы мынадай болды: А тобы Катар Қытай Тәжікстан Ливан В тобы Австралия Өзбекстан Сирия Үндістан ...

    Read More »

    Ұлттар лигасының топтық кезеңінің жеребесі тартылды

    Әйелдер құрамалары арасындағы 2023/24 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы «С» лигасының 4-тобына түсті. Онда Қазақстан командасы Израиль, Эстония және Армения құрамаларымен кездеседі. УЕФА Ұлттар лигасының матчтары 20 қыркүйекте басталып, 5 желтоқсанға дейін жалғасады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »