• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Футбол

    Орталық Азиядағы ең қымбат футболшы аталды (ВИДЕО)

    Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасының мүшесі, Мәскеу қаласының ЦСКА клубының (әскерилердің орталық спорт клубы) жартылай қорғаушысы Аббосбек Файзуллаев Орталық Азиядағы ең қымбат футболшы атанды. Transfermarkt порталында жарияланған мәліметке қарағанда, Ресей премьер-лигасында өнер көрсететін теңбіл доп шеберінің бағасы 6 млн еуроға жеткен. Осылайша, Аббосбек Файзуллаев алғаш рет Орталық Азияның ең қымбат ойыншысы атанып отыр. Ал Италияның «А» сериясында  ойнайтын Эльдор Шамуродовтың бағасы Transfermarkt ...

    Read More »

    Футболдан Еуропа чемпионаты көрсетілімінің ойын кестесі шықты

    Qazaqstan телеарнасында футболдан Германияда өтетін Еуропа чемпионаты көрсетілімінің кестесі шықты. Құрлықтық чемпионаттың матчтары тікелей эфирде Qazaqstan мен Qazsport телеарналарынан көрсетіледі. Сонымен бірге Еуропа стадиондарында чемпионат аяқталғанға дейін екі арнаның арнайы шығармашылық тобы жұмыс істейді. ЕURO-2024 турниріне 51 елдің ұлттық құрама командалар жолдама алған. Олар алты топқа бөлініп, ойнайды. А тобы: Германия, Шотландия, Мажарстан, Швейцария. B тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания. С тобы: Словения, Дания, ...

    Read More »

    Станислав Черчесов ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы болып тағайындалды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Черчесов футболшы кезінде «Спартак» (Орджоникидзе), «Спартак» (Мәскеу), «Локомотив» (Мәскеу), «Динамо» (Дрезден, ГФР),  «Тироль» (Инсбурк, Аустрия)  клубтарында ойнаған. Жаттықтырушы ретінде Ресейдің «Спартак» (Мәскеу), «Жемчужина» (Сочи), «Терек» (Грозный), «Амкар» (Пермь), «Динамо» (Мәскеу), «Легия» (Варшава, Польша), «Ференцварош» (Будапешт, Мажарстан) командаларда жұмыс істеген. Ол 2007 жылы Мәскеудің ...

    Read More »

    Футбол: Алматыда 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамаға іріктеліп жатыр

    Қазақстан футбол федерациясының FIFA High Performance департаментімен ынтымақтастығы аясында шақырылған ағылшын маманы Стюарт Джон Холлдың жетекшілігімен Алматыда 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына іріктеу болып жатыр, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Еске сала кетсек, соңғы жарты жылда Стюарт Джон Холл еліміз бойынша футболмен айналысатын 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерді ҚФФ Техникалық орталығы, Ұлттық құрамалардың жаттықтырушылар штабы мен аймақтық ҚФФ бапкерлерінің қолдауымен іріктеді. ...

    Read More »

    FIFA бірқатар футбол ережесін өзгертeуді ұсынды

    Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) бейнеқайталау ережесін өзгерту жөнінде ұсыныс жасады. Бұл жаттықтырушылардың даулы сәттер бойынша бейнежазбаны көруді талап етуіне мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚазАқпарат. FIFA президенті Джанни Инфантино мұндай ұсынысты 2024 жылдың 17 мамырында Таиландтың астанасы — Бангкок қаласында өткен FIFA-ның 74-конгресінде білдірді. Егер жаңашыл жоба сәтті жүзеге асса, жаңа ереже әлем бойынша енгізілетін болады. Кейінгі жылдарда футбол мамандары ойынға ...

    Read More »

    Еуропа чемпионаты Qazaqstan мен Qazsport телеарналарынан көрсетіледі

    Футболдан Еуропа чемпионаты қай телеарналардан тікелей эфирде көрсетілетіні белгілі болды. Дүрмекті доданы тікелей эфирде көрсету құқығына «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы ие болып отыр. Жанкүйерлер ойындарды Qazaqstan мен Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады. Еуропаның үздік құрамаларының 51 матчы бір ай бойы екі арнадан көрсетіледі. Оған қоса Еуропа стадиондарында бір ай бойы корпорацияның арнайы шығармашылық тобы жұмыс істейді. Еуропа чемпионатында ымна командалар алты ...

    Read More »

    Футболдан Қазақстан құрамасының жолдастық матчтарға тізімі жарияланды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Армения мен Әзербайжан командаларымен болатын жолдастық матчтарға қатысатын ойыншылардың кеңейтілген тізімі жарияланды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Ел құрамасы 7 маусымда Армениямен Еревандағы В.Саркисян атындағы Республикалық стадионда, 11 маусымда Әзербайжан құрамасымен Мажарстанның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында ойнайды. Қазақстан құрамасының тізімі: Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»); Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат ...

    Read More »

    EURO-2025: Қазақстан құрамаларының қарсыластары анықталды

    Швейцарияның Ньон қаласында футболдан 17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрама командалары арасындағы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. 17 және 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрама командаларының 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды. U-17 құрамасы төртінші топта Бельгия, Украина, Косовомен ойнайды. Бұл команданы Бауыржан Сағындық жаттықтырады. Ал U-17 командасы бірінші топта жаттықтырушы Александр Кузнецовтің жетекшілігімен Украина, ...

    Read More »

    «Қымбатты балаларым!»: Өзбекстан тұңғыш рет Олимпиадаға жолдама алды

    Өзбекстанның Олимпиада құрамасы футболдан Катарда 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Азия кубогының жартылай финалында Индонезияны жеңіп, өз тарихында тұңғыш рет Олимпиадаға жолдама алды. Енді Темур Кападзенің ойыншылары Парижде өтетін төрт жылдықтың ең танымал спорт жарысына қатысады. Матчтың бірінші таймында Өзбекстан құрамасында бірнеше мүмкіндік болғанымен, есеп ашылмаған еді. Ал екінщі таймның 68-минутында Хусайн Норчаев пен 86-минутта Абдуқодир Хусановтың голдары ...

    Read More »

    Ұлытау облысында стадиондардың алаңдары жаңарады

    Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Жезқазған мен Балқаш қалаларына іссапармен барып, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлымен және өңірдегі футбол функционерлерімен кездесті, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. 2022 жылы Қазақстан футбол федерациясы мен Ұлытау облысы әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. ҚФФ басшысы әкімдіктің қолдауымен облыстық футбол ассоциациясының аз уақыттың ішінде атқарған жұмысын жақсы баға берді. Кездесуде ...

    Read More »