• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан құрама командасы

    Байсуфиновке «бес» деген баға береміз! (ВИДЕО)

    Бүгін кешке «Астана Арена» екі сағаттай теңселіп тұрды. Осы күні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынын Бельгия командасымен ойнап, жанкүйерге керемет кеш сыйлады. Бұл матч 1:1 есебімен аяқталды. Сөйтіп, Талғат Байсуфинов жасақтаған ұлттық құрама дүниежүзілік рейтингте 8-орында тұрған азулы қарсыласымен тең түсіп, жанкүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Әңгіменің ашығын айтсақ, көп адам Қазақстан құрамасының ...

    Read More »

    Жеңіл атлетикадан АЧ: Қазақстан төртінші орын алды

    Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты мәреге жетті. Бұл чемпионатта Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды. Алтын жүлдеге Нора Джеруто (3000 метр кедергілер арқылы жүгіру, 5000 метр) мен Дейзи Джепкемей (10000 метр) ие болды. Биіктікке секіруде күміс медальді Елизавета Матвеева иеленді. 20 шақырымдық спорттық жүрісте Ясмина Тоқсанбаева мен 3000 метр кедергілер арқылы жүгіруде Дейзи Джепкемей қола жүлдені қанағат ...

    Read More »

    Даму кубогы: Қазақстан мен Ресей тең түсті (ВИДЕО)

    Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы Беларусьтің астанасы — Минскте өтіп жатқан Даму кубогында екінші рет алаңға шығып, Ресей командасымен ойнады. Бауыржан Сағындық жаттықтыратын команда Ресей құрамасымен 1:1 есебімен тең түсті. Матчтың 39-минутында Әкежан Қалиқұлов есеп ашып, Қазақстанды алға шығарды. Ресейліктер 56-минутта есепті теңестірді.  Гол авторы — Илья Всяких. Осының алдында Қазақстан Иран құрамасын 2:0 есебімен жеңген еді. Енді үшінші турда Қазақстанның ...

    Read More »

    Шақырту кубогы: Қазақстан волейболшылары алғашқы жеңісіне жетті

    Волейболдан еліміздің ерлер командасы Бахрейнде өтіп жатқан шақырту кубогында алғашқы жеңісіне жетті, деп хабарлады olympic.kz. Ұлттық құрама Таиланд командасымен кездесіп, қарсыластарынан 3:2 (25-21, 22-25, 25-23, 19-25, 15-13) есебімен басым түсті. Матч өте тартысты және қызықты болды. Осы турнирдегі бірінші ойында Қазақстан Пәкістаннан 0:3 есебімен жеңілген болатын.

    Read More »

    Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы элитадағы орнын сақтап қалды

    Хоккейден Финляндияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Польша командасымен топтағы соңғы матчын ойнады. В тобындағы соңғы матч әлем чемпионатының элитасында қалатын команданы анықтады. Бұл ойында еліміздің ұлттық құрамасы турнир кестесінің ең соңында келе жатқан Польша құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Қазақстан сапынан Никита Михайлис (13-минут), Валерий Орехов (51) пен Роман Старченко (55) бір-бір шайбаны қақпаның торына тоғытты.  Қарсылас сапынан Камиль Валега ...

    Read More »

    Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

    19-24 мамыр аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты жалау көтереді. Бұл жарысқа Қазақстан командасы толық құрамда қатысады, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясы. Олимпиада жылы болғандықтан олимпиялық рейтінгтік турнирлер арасы өте жақын болып жатыр. Спортшыларымыз мамыр айында үш маңызды жарысқа қатар дайындалды. Оның алдында Азия чемпионаты мен Grand Slam жарысынан кейін әлем чемпионатына қатысатын ...

    Read More »

    Күрестен ұлттық құрамаға легионерлерді емес, қандастарды шақыру керек!

    Юсуп, Елена және Начын секілді легионерлерге үміт артта бермей, қандас-спортшыларды неге елге шақырмаймыз? Күрес түрлерінен Бішкекте өтіп жатқан Азиялық іріктеу турнирінде 18 салмақ дәрежесінде 36 лицензия тігіліп, 195 спортшы Парижге жолдама үшін бақ сынады. Қазақстаннан күрестің үш түрі бойынша он алты палуан қатысты. Біздің елдің атынан шетелден келген легионер ретінде сынға түсіп, Париж Олимпиадасына жолдама алған Юсуп Батырмурзаев та бар. ...

    Read More »

    Қазақстан Грекиямен матчқа құраманы жариялады

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекия командасымен болатын матчқа шақырылған ойыншыларының кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Жалпы тізімге 33 футболшы енді. Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»); Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин, Еркін Тапалов (бәрі – «Тобыл»), Марат ...

    Read More »

    Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогына дайындықты бастады

    Теннистен Қазақстан ұлттық құрама командасы 16-17 қыркүйекте София қаласында Болгария командасымен өтетін Дэвис кубогының плей-офф матчына дайындықты бастады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Қазір команда капитаны Юрий Щукиннің жетекшілігімен Александр Бублик, Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев пен Александр Недовесов жаттығып жатыр. Екі елдің құрама командалары Дэвис кубогының плей-офф кезеңінде алғаш рет кездесетін болады. Осыған дейін Болгария командасы Дэвис кубогының ...

    Read More »

    Әлем чемпионатына грек-рим күресі құрамасы жасақталды

    14-20 тамызда Иорданияның астанасы — Амман қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен өтетін әлем чемпионаты грек-рим күресінен ұлттық құрама да жасақталды. Бұған дейін оқырманның назарына әлемдік додада ел намысын қорғайтын Қазақстанның еркін күрес құрамасын таныстырыған болатынбыз. Енді назарларыңызға грек-рим күресі балуандарының тіізімін ұсынамыз: 55 кг — Исхар Құрбаев (Алматы облысы); 60 кг — Сайфулла Құрман (Ақтөбе облысы); 63 ...

    Read More »