• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Құрмет

    Қонаевтан қуанышты хабар жетті

    Бүгін «Спорт жұлдыздары» республикалық журналы мен SportPress ақпараттық-сараптамалық спорт сайтының шеф-редакторы, Алматы облысы Талғар аудандық бұқаралық-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру орталығының директоры Жандос Аянбекұлы Қонаев қаласында өткен «Хан Тәңірі» Алматы облысының спортшыларын марапаттау рәсімінде Туризм және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісіне ие болды. Әріптесімізді жоғары дәрежелі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!   Мұсағали ТАСҚАЛИЕВ, АСТАНА

    Read More »

    Ауылын көріп, азаматын таны (ФОТО)

    Сонау 1986 жылдың 16-17 желтоқсан күндері алаңға шығып, бет қарыған сарышұнақ сара аязда ел тәуелсіздігі үшін жан беріп, жан алысқан Желтоқсан қанды көтерілісінің қаhармандарының қазақ тарихында алар орны айырықшы. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы аңсап келген тәуелсіздікті Желтоқсан батырлары жеңіп алып берді. Міне, сол қанды көтерілістен кейін желдей есіп 37 жыл да өте шықты. Кеше ғана жүрген өрімдей жастардың бүгін самайын ...

    Read More »

    Сейдахмет Бердіқұлов атындағы «Үздік спорт журналисі» байқауы болады

    Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 2023 жылдың 1 желтоқсанынан 20 желтоқсанына дейін спорт тақырыбына маманданған БАҚ өкілдері арасында қарымды қаламгер, қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұлов атындағы дәстүрлі байқауға материалдар қабылдау басталғанын хабарлады. Конкурс жыл сайын желтоқсан айының екінші жартысында үш номинация бойынша өткізіледі: 1) «Үздік спортттық телевизиялық репортаж»; 2) «Үздік спорттық жарияланым»; 3) «Үздік спорттық фоторепортаж». ...

    Read More »

    «Намыстың» әкесі

    10 желтоқсан – ұстазым Несіп Жүнісбайұлының кіндігі кесілген күн! Несіп Жүнісбайұлы – қазақ журналистикасындағы бір салаға маманданып, өзі таңдаған саланың отымен кіріп, күлімен шығудың дәстүрін, мектебін қалыптастырған санаулы қаламгердің бірі. Сейдахмет Бердіқұл ұлттық спорт журналистикасының негізін қалап, күре жолын салып кетсе, Несаға сол жолды бес құрылыққа жалғап, ұстаз дәстүрін ілгері сүйреді. Тарихқа жүгінсек, ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарының соңы, сексенінші жылдарының ...

    Read More »

    «Нартәуекелдің» тұсауы кесілді

    Спорт тарихшысы Қыдырбек Рысбектің әйгілі балуан, Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлықанов туралы жаңа кітабы шықты. Кітап туралы қаламгердің өзі былай деп жазды: Халқымыздың ардақты ұлы, әйгілі балуан, Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлықанов туралы жақында «Нартәуекел» атты кітабым жарық көрді. Кітаптың демеушісі — Қарағанды қаласындағы «Жеңіс» кәсіпқой дзюдо клубының Қамқоршылық кеңесі (Тимур Тұрсымбаев). Тимур бауырымызға спорт тілеулестері мен өз атымнан зор ...

    Read More »

    Жолбасшы Жүнісбаев

    Несағаңды мен 10 жасымнан бері біледі екенмін. 1985 – 1988 жылдары бастауыш класта оқып жүргенде біздің ауылдағы үйге газет-журналдар көп келетін. Менің атам – Омар Кенжалыұлы сол кезде ауылдың почтальоны болатын. Ол кісінің негізгі мамандығы зооветеринар болатын. Атамның өзі де аудандық газетке материал жазып тұратын. Ал әкем Жұмабек Омарұлы Кенжалин де журналист, публицист, қазіргі тілмен айтсақ медиаменеджер болды. 1980-жылдардың ортасында ...

    Read More »

    Намыс сардары

    Бүгін Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасында қазақ спорт журналистикасының негізін қалаған көрнекті қаламгер Сейдахмет Бердіқұловтың 90 жылдығына арналған «Қазіргі қазақ спорт журналистикасы және медиакоммуникация мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып, ел спортын насихаттауға телегей-теңіз еңбек сіңірген қаламгердің құрметіне спорт журналистикасы аудиториясы ашылды. Конференция мен аудиторияның ашылу салтанатына  Бердіқұловтың ...

    Read More »

    Толғамы мол тоқсан! /Ғылыми емес баяндама/

    Бүгін Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасында қазақ спорт журналистикасының негізін қалаған көрнекті қаламгер Сейдахмет Бердіқұловтың 90 жылдығына арналған «Қазіргі қазақ спорт журналистикасы және медиакоммуникация мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып, ел спортын насихаттауға телегей-теңіз еңбек сіңірген қаламгердің құрметіне спорт журналистикасы аудиториясы ашылды. Осы жиынға Сейдахмет Бердіқұловтың шәкірті, Қазақстан ...

    Read More »

    Көсемсөз шеберінің конференциясы

    Бүгін Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және Саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасында қазақ спорт журналистикасының негізін қалаған көрнекті қаламгер Сейдахмет Бердіқұловтың 90 жылдығына арналған «Қазіргі қазақ спорт журналистикасы және медиакоммуникация мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып, ел спортын насихаттауға телегей-теңіз еңбек сіңірген қаламгердің құрметіне спорт журналистикасы аудиториясы ашылды. Конференция мен аудиторияның ашылу салтанатына Еуразия ...

    Read More »

    Еуразия университетінде Сейдахмет Бердіқұлов атындағы аудитория ашылды

    Бүгін Астанадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғимаратында қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы, ел спортын насихаттауға телегей-теңіз еңбек сіңірген, Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының алғашқы президенті Сейдахмет Бердіқұлов атындағы аудитория ашылды. Сейдахмет Бердіқұлов атындағы аудиторияның ашылу салтанатына Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, мемлекет және қоғам қайраткері, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сауытбек Абдрахманов, ҰҒА-ның академигі Уәлихан Қалижан, спорт журналистикасының ...

    Read More »