• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    Холанд бір матчта бес гол салып, 1970 жылғы рекордты қайталады (ВИДЕО)

    Англияның «Манчестер Сити» клубының шабуылшысы Эрлинг Холанд бір матчта бес гол салып, команданың 54 жыл бұрынғы рекордын қайталады. 54 жыл бұрын 1970 жылы Англия кубогы үшін ойында «Манчестер Юнайтед» клубының сол кездегі шабуылшысы Джордж Бест «Нортхэмптон» командасының қақпасын алты рет дәл көздеген болатын. Норвегия құрамасының форварды Англия кубогының 1/8 финалында «Лутон Таунмен» ойында алаң иелерінің қақпасына 55 минутта 5 гол ...

    Read More »

    Испанияның легионері Астанаға 1, 4 млн еуро айлыққа келе жатыр

    Lefimerida порталына сілтеме жасаған sports.kz-тің хабарлауынша, Грекияның «Ламия» клубының 33 жастағы ойыншысы Карлитос «Астана» клубымен екі жылға жарамды келісімшартқа қол қою үшін келеді. Оның жалақысы да белгілі болды. Ол айына 1, 4 млн еуро айлық алады. Сонымен бірге «Астана» испан шабуылшысының трансфері үшін «Ламияға» 300 000 мың еуро берген. Карлитос Грекия чемпионатында «Ламияның» жейдесінде «Атромитос» клубына қарсы соңғы рет алаңға ...

    Read More »

    Ертең футболдан Қазақстан чемпионаты басталады

    Ертең футболдан Қазақстан чемпионаты басталады. Премьер-лиганың биылғы маусымына 13 өңірден 14 клуб қатысады. Олар — «Ақсу», «Ақтөбе», «Астана», «Атырау», «Елімай», «Жеңіс», «Жетісу», «Қайрат», «Қайсар», «Қызылжар», «Ордабасы», «Тобыл», «Тұран» және «Шахтер». Қазақстан чемпионаты 1 наурыз бен 10 қараша аралығында боалды. Мачтардың көбі дәстүрлі түрде демалыс күндерге жоспарланған. Маусымның алғашқы ойыны еліміздің жеті дүркін чемпионы «Астана» мен 16 жылдан кейін Премьер-лигаға оралған ...

    Read More »

    Елімізде жаңа футбол лигалары құрылды (ВИДЕО)

    Астанада Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының жаңа брендінің таныстырылымы мен жаңа маусымының тұсаукесері болды. Футбол саласындағы мамандар мен БАҚ өкілдеріне Лиганың жаңа атауы – QFL (Qazaqstan Football League), жаңартылған логотип және «Футболмен бірге» (футболмен бірге) ұраны таныстырылды, деп хабарлады QFL сайты. Осы рәсімде биылғы маусымнан бастап елімізде Лига кубогы мен Әйелдер лигасы деген жаңа турнирлердің  болатыны хабарланды. Лига кубогына 16 клуб ...

    Read More »

    Елімізде мың футбол добынан тұратын алаң пайда болды (ВИДЕО)

    Алматы облысында мың футбол добынан тұратын үлкен алаң ашылды. Бұл жоба «Мүмкіндікке толы футбол алаңы» деп аталады. Оны шағын қалалар мен ауылдарда, яғни балалар тәжірибелі тәлімгермен бірге спортпен шұғылдана алмайтын жерлерде, тегін жаттығулар ұйымдастыратын коммерциялық емес Supernovas балалар жобасы жасады. Мың доптан тұратын алаң балалар футболына назар аудартып, елімізде батыл идеяларды іске асыруға болатынын дәлелдеуге бағытталған. Supernovas үшін балалар әрдайым ...

    Read More »

    Қазақстан жанкүйерлері Түркияда елдің көзінше бір-бірімен төбелесті (ВИДЕО)

    Қазақстан жанкүйерлер Түркияның Анталия қаласында футболдан алғаш рет өткен Қазақстан суперкубогының финалы кезінде төбелес шығарды. Оның видеосы желіде жарияланып кетті. Матчта Шымкенттің «Ордабасы» мен Қостанайдың «Тобыл» клубтары кездескен. Осы ойынның кезінде қос клубтың жанкүйерлері отыратын жер бөлінбеген соң, екінші таймның ортасында дау-жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласқан. Трибунада отырған жанкүйерлердің елдің атына сөз келеді-ау деген сөзді ысырып қойып, командаларының жалған намысы ...

    Read More »

    Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның жаңа эскизі ұсынылды

    Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионды бұзып, оның орнына жаңа жабық типті стадион салу туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионды қайта жаңғырту орнына толық демонтаж жасап, жаңа стадион салу жоспарланып отыр. Бұл құрылыс-монтаждау жұмыстарының мерзімін ұзартады. Жабық үлгідегі жобаны іске асыру туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Стадионның жаңа эскизі ...

    Read More »

    Рыбакина турнирде ойнаудан бас тартты

    Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында теннистен өтіп жатқан Dubai Duty Free Tennis Championships WTA турнирін асқазан-ішек жолы ауруына байланысты жалғастырудан бас тартты. Кеше еліміздің бірінші ракеткасы Польша өкілі Магдалена Френхтті жеңіп, Дубай WTA 1000 додасының ширек финалына шыққан болатын. ¼ финалда Рыбакина әлемнің 26-ракеткасы италиялық Ясмина Паолинимен кездесуі керек еді. Осылайша жартылай финалға италиялық Ясмин Паолини жартылай финалға жолдама алды. ...

    Read More »

    «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Дани Алвес 4,5 жылға сотталды

    Испания соты «Барселона» клубының бұрынғы ойыншысы бразилиялық Дани Алвесті әйел зорлады деген айыппен 4,5 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен бірге сот Дани Алвеске жәбірленушіге 150 мың еуро моральдық өтемақы төлеу туралы шешім шығарды. Қолда бар мәліметке қарағанда, бразилиялық футболшы Барселона қаласының түнгі клубтарының бірінде бір әйелмен танысып, оны дәретханада зорлаған. Ал Алвестің айтуынша, әйелдің өзі жыныстық қатынасқа келісімін берген. Бірақ ...

    Read More »

    «Ордабасы» Кәсіпқой футбол лиғасының кубогын жеңіп алды (ВИДЕО)

    «Ордабасы» клубы Түркияда өткен Winter Cup Қазақстан Қысқы ҚКФЛ Қысқы кубогының иегері атанды. Шымкенттің клубы финалында Қостанайдың «Тобыл» командасын матчтың негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталып, пенальтилер сериясы берілгенде 7:6 есебімен жеңді. «Ордабасы» кубоктың иегері ретінде 60 млн теңге сыйақы алды. Ал «Тобыл» 40 млн теңгеге ие болды. Енді «Ордабасы» мен «Тобыл» 25 ақпанда Қазақстан Суперкубогының финалында кездеседі. Турнирдің қола жүлдесін ...

    Read More »