Сингапурда көркем гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның қоржынына тағы екі медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан командасы топтық сайыстағы 3 шығыршық және 2 жұп ұршықпен жаттығудың финалында 26.650 ұпаймен жеңімпаз атанса, 5 лента бағдарламасында (24.100 ұпай) күміс медаль иеленді.
3+2 бағдарламасы:
- Қазақстан — 26.650 ұпай
- Өзбекстан — 25.150
- Оңтүстік Корея — 24.250
5 лента нәтижесі:
- Өзбекстан — 25.850
- Қазақстан — 24.100
- Оңтүстік Корея — 20.850
Кеше құрамадағы бір топ гимнасшымыз (Жасмин Жүнісбаева, Айзере Кеңес, Мадина Мырзабай, Аида Хакімжанова, Кристина Чепульская) топтық жаттығудан көпсайыста алтын медаль алған еді.