• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Нариман Курбанов тағы да Азия чемпионы атағын жеңіп алды

    Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Нариман Курбанов өзінің оң жамбасына келетін тұтқалы ат снарядындағы жаттығуда топ жарды. Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері финалда 14.933 ұпай жинады.

    Күміс жарыс қожайыны Ван Хурдың (14.633 балл), қола Вьетнам өкілі Дан Хуан Тиенге бұйырды (14.233 балл), — делінген хабарламада.

    Финалда тағы бір отандасымыз Ильяс Азизов 13.933 балл жинап, бесінші орынға шықты.

    Нариман Курбанов былтыр көктемде Олимпиада қарсаңында Өзбекстанның астанасында  Азия чемпионатында осы жаттығуда алтын медальді жеңіп алған еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *