Шахматтан әйелдер арасында Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында Меруерт Камалиденова (рейтингте 59-орын) 1/32 финалда қазіргі чемпион Александра Горячкинаны (рейтингте 6-орын) жеңіп, сенсация жасады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.
Әлемнің 107 шахматшысы бақ сынап жатқан бәсекеде әр қатысушы қарсыласымен классикалық форматта 2 партия ойнап, өзара жеңімпазды анықтайды. Енді отандасымыз ертең қара фигурада ойнайды, — делінген хабарламада.
Бұл турнир 2021 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Кезінде турнирде ең үздік нәтижені Динара Сәдуақасова тіркеген. Ол 2021 жылы ширек финалға дейін жетіп, дәл осы Александра Горячкинадан жеңілген болатын.