• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиадалық комитет

    Таеквондодан АЧ: Қазақстан жастар құрамасы 11 жүлде алды

    Таеквондодан жастар арасында Малайзияның Кучинг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде де Қазақстан құрамасының қоржыны жүлдемен толықты.

    Бұл жолы спортшылар төрт медаль алды.

    Құрама командада Аружан Найманбаева (68 кг) Азия чемпионы атанды. Ал Ринат Елібай (51 кг), Павел Эм (59 кг) пен Ақбота Желеу (46 кг) қола жүлдені иеленді.

    Бұған дейін Бунед Бахрамкулов (45 кг) пен Айым Серікбаев (42 кг) чемпион атанды.

    Тоғжан Қазнабек (59 кг) екінші орын алса, Нұрперзент Самаұлы (48 кг), Егор Шаптефраць (78 килодан аса салмақта), Дәулет Рахимоллиев (73 кг) пен Любовь Юн (63 кг) үшінші орынды қанағат тұтты.

    Еске сала кетсек, 2005 жылы Алматыда Давранбек Ризаев Азия чемпионы болған еді. Енді міне, араға 20 жыл салып, Айым Серікбаева, Бунед Бахрамкулов пен Аружан Найманбаева құрлықтық доданың құрмет тұғырының ең биік сатысына көтеріліп отыр.

    Енді Азия чемпионатында жасөспірімдер құрамалары атой салады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *