• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Жаңа жұлдыз»: Ксения Балабаева шахматтан әлем чемпионы атанды

    Италияның Пула қаласында шахматтан 20 жасқа дейінгі ойыншылар арасында əлем чемпионаты аяқталды.

    Осы жарыста шахматтың блиц түрінен өткен сында отандасымыз 18 жастағы Ксения Балабаева чемпион атанды. Əмина Қайырбекова күміс жүлдеге ие болды.

    Екі шахматшы да 8,5 ұпайдан жинап, жарысты тең аяқтады. Тек қосымша көрсеткіштер бойынша Ксения Балабаева басымдыққа ие болып, алтын медаль алды.

    Бірнеше күн бұрын рапидте чемпион болған Говхар Бейдуллаева (Әзербайжан) бұл жолы 7,5 балмен қола жүлдені қанағат тұтты. Тағы бір шахматшымыз Лия Құрманғалиева жүлдеге бір табан жетпей қалды (7 балл). Зейнеп Сұлтанбек алтыншы (6,5 балл), Назерке Нұрғали жетінші орыннан көрінді (6,5 балл).

    Ерлер арасында Арыстан Исанжулов үшінші орын алды. Ал рапид түрінде Ксения Балабаева екінші орын, Зейнеп Сұлтанбек үшінші орынды иеленді.

    Бұған дейін 19 жастағы Бибісара Асаубаева блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанған еді. Ол Гиннестің рекордтар кітабына әйелдер арасындағы блиц бойынша ең жас әлем чемпионы ретінде енді. Асаубаева 2021 жылы чемпион болған кезде 17 жаста еді.

    Сонымен қатар, 23 жастағы Жансая Әбдімәлік жасөспірімдер мен жастар арасында әлем чемпионы атанса, өткен жылы Германия Бундеслигасының жеңімпазы атанды.

    Ксения Балабаеваеның жеңісі де ауыз толтырып айтарлықтай жаңалық болып отыр. Әлеуметтік желіде Балабаеваның жеңісін үлкен жетістікке балап, оны қазақ қыздарының өкшесін басып келе жатқан «жаңа жұлдыз» деп айтып жатыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    ФОТО: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *