Каноэ мен байдаркада есуден Жапонияның астанасы — Токиода өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты, деп хабарлады Olympic.kz.
Екілік каноэден 500 метрге жарысудан аралас жұптық сында Сергей Емельянов пен Руфина Искакова жұбы чемпион атанды. Уақыт көрсеткіші — 01:57.203.
Екінші орынды Өзбекстан (02:00.105), үшінші орынды Таиланд (02:02.004) иеленді.
Кешегі жарыс күнінде екі спортшы да өз дисциплиналары бойынша Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын.