Жүзуден Францияның Канет қаласында өтіп жатқан Mare Nostrum Swim Tour 2025 халықаралық турнирінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
100 метр. Баттерфляй әдісі.
- Максим Груссе (Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) — 51.40 секунд
- Әділбек Мусин — 51.82
- Роман Шевляков (эстафета сайысынан әлем чемпионы) — 51.93
- Клемент Секки (Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) — 52.47
Бұл жарыста әлемнің 53 елінен 609 спортшы жүлдеге таласып жатыр.