• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Бүкіләлемдік күрес одағы

    Әйелдер күресі: Жәмила Бақьергенова мен Нилуфар Райымова жүлде алды

    Осы күндері Мажарстанның астанасы — Будапешт қаласында күрес түрлерінен Polyák Imre & Varga János Memorial халықаралық турнирі болып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

    Бүгінгі жарыс күнін балуан қыздарымыз 1 күміс, 1 қола жүлдемен аяқтады. Ұлттық құрама көшбасшысы Жәмила Бақбергенова (72 кг) финалда Үндістан өкілі Харшита Харшитаға жол берді. Тағы бір отандасымыз Нилуфар Райымова (57 кг) қола медальді иеленді, — делінген хабарламада.

    Ертең жарыс жолына Тыныс Дүбек (-62 кг), Ирина Казюлина (-68 кг) мен Эльмира Сыздықова (76 кг) шығады. Сонымен қатар бозкілемге грек-рим күресінің шеберлері көтеріледі.

    Жарысқа 14 елден 99 үздік спортшы қатысып жатыр.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *