• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Пара жүзуден ӘЧ: Нұрдәулет Жұмағали күміс медаль алды

    Сингапурде өтіп жатқан пара жүзуден әлем чемпионатында Нұрдәулет Жұмағали брасс әдісімен жүзуде 100 метр қашықтықты 1:06.64 секундта жүзіп өтіп, күміс жүлдені иеленді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

    Ведомствоның хабарлауынша, бірінші орын бейтарап ел атынан қатысқан спортшы Тимофей Гукқа бұйырса, үшін орынды украиндық Федина Алексей иеленді.

    Бұл – Нұрдаулет Жұмағалидің әлем чемпионатындағы үшінші күміс жүлдесі. Бұған дейін ол 2022 жылы Медейрада және 2023 жылы Манчестерде алған еді.

    Дүбірлі додада еліміздің атынан 7 спортшы бақ сынап жатыр. 21-27 қыркүйек аралығында өтетін спорттық бәсекеге 75 мемлекеттен 600-ге жуық спортшы келді.

    Нұрдәулет Жұмағали 1999 жылы туған. 2020 жылы Токио Олимпиадасында 100 метрге брасс әдісімен жүзуде қола алса, 2024 жылы Париждегі сайыста Олимпиаданың күміс жүлдесін иеленді.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *