Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Италияның Милан қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңінде үш дүркін алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет.
Ол 30 қарашада 1500 метрлік қашықтықта мәреге бірінші болып жетті. Екінші болып жапониялық Аяно Секигучи келсе, үздік үштікті қытайлық Цзяминь Цзян түйіндеді.
Бір күн бұрын Шумекова 1000 және 3000 метр қашықтықтарда да бірінші орын алған еді.
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары