Ұлттық құраманың көшбасшысы Софья Берульцева Каир қаласында өтіп жатқан жекелей сындағы әлем чемпионатында екінші орын алды, деп хабарлады Туризм және және министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз +68 кг салмақтың финалында Германия спортшысы Йоханна Колено Книрмен күш сынасты. Тартысты жекпе-жекте қарсылас басым түсті.
Осыған қарамастан Софья Берульцева қазақ спорты тарихындағы ең табысты каратэ шеберінің бірі болып қала береді.
Оның жетістіктері:
Жастар арасындағы Азия чемпионаты (2016 ж) – алтын медаль
Жастар арасындағы әлем чемпионаты (2017 ж) – алтын жүлде
Азия чемпионаты (2019 ж) – күміс медаль
Токио Олимпиадасы (2021 ж) – қола жүлде
Дүниежүзілік ойындар (2022 ж) – алтын медаль
Ислам Ынтымақтастығы ойындары (2022 ж) – алтын жүлде
Жазғы Азия ойындары (2023 ж) – алтын медаль
Азия чемпионаты (2025 ж) – алтын жүлде
Ересектер арасындағы әлем чемпионаты (2025 ж) – күміс медаль
Қазақстан командасы Мысырдағы жарысты 1 күміс, 2 қола медальмен аяқтады. 27-әлем чемпионатында ұлттық құрама сапында кумите бағдарламасында 8 спортшы (4 ер, 4 әйел) сынға түсті.
WKF каратэ елімізде бұқаралық сипат алған спорт түрінің қатарында. Бүгінде мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып келеді әрі биыл Туризм және спорт министрлігі бекіткен жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізіміне енді. WKF каратэ Азия ойындары, Дүниежүзілік ойындар, Ислам Ынтымақтастығы және ТМД елдері ойындары сынды көптеген кешенді жарыстың бағдарламасында бар.
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары