Астанада күрестен әлем чемпионаты жалғасып жатыр.
Еркін күрес балуандары алғашқы белдесулерінде жеңіске жетті. Дастанбек Өсімжан 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде украиналық Андрей Джелепті 8/1 финалда 3:1 есебімен жеңіске жетіп, келесі айналымға шықты.
Едіге Қасымбек 125 келіге дейінгі салмақта Грузия өкілі Александр Абрамишвилиді уақытынан бұрын 10:0 есебімен жеңіп, 8/1 финалға жолдама алды. Бұл айналымда ол Түркия балуаны Хакан Буючингильмен күресіп, 11:1 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, ол әлем чемпионатының ширек финалына шыға алмады.
Санжар Досжанов 70 келіге дейінгі салмақтың іріктеу кезеңінде Кения өкілі Юджин Омулулмен белдесіп, қарсыласына еш мүмкіндік бермеді. Ол африкалық балуанды 11:0 есебімен мерзімінен бұрын жетіп, 8/1 финалға шықты.
Болат Сақаев әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті.
Еркін күрестен шебері 86 келіге дейінгі салмақта Испания өкілі Габриэль Иглесиастан 4:0 есебімен айласын асырды.
Асыл Айтақын 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға жолдама алды. Отандасымыз ширек финалда Германия өкілі Хорст Лерден басым түсті.
Белдесу 8:1 есебімен Айтақынның пайдасына аяқталды. Одан кейін ол 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда Иран өкілі Ахмад Масуд Мохаммаднежаджаванмен белдесті. Мұнда Парсы елінің балуаны 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Енді Асыл Айтақын қола медаль үшін күреседі.
Қазақстан құрамасында әлем чемпионатының үш күміс және бір қола медалі бар.
Әйелдер күресінде Алтын Шағаева финалға шыға алмады. Ол 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Үндістан өкілі Манишаға есе жіберді.
Енді бүгін Алтын Шағаева қола медаль үшін белдеседі. Оның қарсыласы жұбаныш белдесулерінен кейін анықталады.
Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатын аяқтады. Жәмила 72 келіге дейінгі салмақтың қола медалі үшін Жапония өкілі Махиро Ешитакемен күш сынасып, 6:4 есебімен жеңіліп қалды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары