• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ауыр атлетика: Қазақстан екінші медалін жеңіп алды

    Колумбияның Богота қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер арасында 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыс өтті.

    Осы сында Нұрғиса Әділетұлы 383 (170+209) келіні басынан асырып, қоссайыс қорытындысы бойынша күміс жүлдеге ие болды. Әлем чемпионы атағын Бахрейн атынан шыққан колумбиялық Лесман Паредес жеңіп алды. Ол қоссайыста 397 келіні (жұлқа көтеруде – 185 кг, серпе көтеруде – 212 кг) көтеріп, жеңіске жетті. Қола жүлдені колумбиялық Джор Морено – 380 (171 + 209) иеленді.

    Бұл – Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін Артем Чуркин 73 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер болған еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *