• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Пара-хоккей құрамасы әлем чемпионатында күміс жүлде алды

     Қазақстанның пара-хоккейден құрама командасы  С пулындағы әлем чемпионатында екінші орынға ие болды.

    Турнирге Қазақстан, Таиланд, Австрия, Ұлыбритания және Франция командалары қатысты.

    Бұл — отандық параспортшылар үшін халықаралық деңгейдегі алғашқы жарыс. Дебюттік турнирде спортшылар төрт матчта үш рет жеңіске жетті (7:0, 10:0 және 9:2) және турнир кестесінде екінші орынға табан тіреді. Отандамстарымыз  Ұлыбританияға (0:6) ғана есе жіберіп қойды.

    Паралимпиада ойындарының чемпионатын ұйымдастырушылар Қазақстан құрамасының ойынына тәнті болып, екінші орын алғанына қарамастан, 2023 жылы В тобында өтетін келесі чемпионатта өнер көрсетуіне жолдама берді.

    «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қайырымдылық жобасы аясында ұлттық құрамаға пара-хоккейден халықаралық жарыстарға дайындалуы және қатысуы үшін спорттық мүкәммал сатып алып берді. Жоба елімізде паралимпиадалық хоккейді дамытуға және қолдауға арналған.

    Әлем чемпионатында параспортшылар Қор табыс еткен 50 дана сырғытпа таяқпен өнер көрсетті. Сондай-ақ, құрамаға 16 шана жеткізіледі. Бұл мақсатқа «Қазақстан халқына» қоры 12,4 миллион теңге бөлді

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *