Астанада қазақ күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші жарыс күнінде үшш отандасымыз алтын жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы Қазақ күресі қауымдастығы хабарлады.
Чемпионаттың бірінші күні ерлер 82, 90, 100 және +100 келі салмақта белдесті. Ал әйелдер 75 және +75 келі салмақта мықтыны анықтады.
Алтын медальді 82 кг салмақта Айдын Дартаев, 100 кг салмақта Айдын Байқамыров, Нұрдәулет Жарылқапов жеңіп алды.
Ал ерлер арасында 90 кг салмақта өнер көрсеткен Тоқтарбек Айдарбек пен әйелдер арасында белдесуге шыққан Мөлдір Азамат қола жүлдені иеленді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА