Өзбекстанның астанасы — Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында 48 кг салмақ дәрежесіндегі Санжар Тәшкенбай алтын жүлдені жеңіп алды.
Қазақ боксшы алтын жүлде үшін айқаста өз салмағында грузиялық Сахил Алахвердобимен қолғап түйістірді.
Бірінші раундта төрешілер басымдылықты Санжар Тәшкенбайға берді. Екінші кезеңде Санжар сол басымдылығын сақтап қалды. Қорытынды есеп – 5:0.
Осылайша, Санжар Тәшкенбай 19 жасында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
View this post on Instagram
View this post on Instagram
View this post on Instagram
View this post on Instagram